Департаменттегі “Ерлік сабағы”

Департаменттегі “Ерлік сабағы”

Облыстық полиция департаменті айрықша шара өткізді. Салтанатты жиын азаматтардың өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерін ұлықтау форматында ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшылары штаттан тыс жағдайда азаматтарға қалай көмек көрсете алғаны туралы айтылды.

– Біздің қатарымызда өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе де, адамдарға көмек көрсететін полиция мамандығының лайықты өкілдері қызмет етеді. Балаларына лайықты тәрбие бергені үшін ата-аналарыңызға алғысымды айтамын. Біздің қызметкерлеріміздің арасында нағыз батырлар бар екенін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Ант берген полицейдің бейнесі патриотизмнің басты тұлғасы болып қала береді. Мәселен, Лисаков қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ерлан Таңжарықов жоғары қабаттан құлап кете жаздаған әйелді құтқарды. Бұған дейін учаскелік полицей Б.Майлин ауданындағы жалғызбасты әйелдердің үйіне шабуыл жасаған қылмыскерді ұстағаны үшін жоғары атаққа ие болған еді. Бұл жанкештілігі үшін ол президенттік марапат — “Ерлігі үшін” медаліне ие болды. Сол күні ол Қаратомар су қоймасының жанында балықшы мен оның әйелін құтқарды.

– Жұмыс барысында, кейде өз денсаулығына немесе тіпті өміріне қауіп төндіруге тура келеді, – дейді іс-шараға қатысушы Михайлов ауылының учаскелік полициясы Талғат Қаймусин.

Ол табандылығы мен адалдығының арқасында ауылдастарының өмірін сақтап қалды. Михайлов ауылының учаскелік полиция қызметкері екі зейнеткерді жанып жатқан үйден көтеріп алып шықты.

Іс-шараға полицейлердің ата-аналары шақырылды. Қарабалықтан келген учаскелік инспектор Руслан Алтановтың әкесі Жәнібек Алтанов ұлын мақтан тұтатынын айтты.

“Ерлік сабағының” барлық қатысушыларын Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерекелік медальдарымен марапаттады. Қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.

Жаңалықтармен бөлісу