ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті офицерлік лауазым алу үшін үміткерлерді іріктеу жұмыстарын іске асырылып жатқанын хабарлайды.
Заречныйда уақытша су тоқтайды
“Затобол ОЭК” 2023 жылғы 27 қыркүйектен бастап сағат 8.00-ден бастап Заречное ауылындағы ӘКК-де сорғыларды ауыстыруға байланысты суды ажырату жүргізілетінін хабарлады.
Ертең ат спортынан республикалық турнир өтеді
23 қыркүйекте Қостанай облысындағы жарыс маусымының жабылуына орай, Заречный кентіндегі “Арғымақ” ипподромында Қостанай жылқы тұқымына арналған ат спорты түрлерінен республикалық турнир өтеді.
“Қарттарға қамқорлық” айлық акциясына қатысуға шақырамыз
Құрметті қазақстандықтар! 1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп.
Азаматтарды қабылдайды
2023 жылғы 22 қыркүйекте «Жастар Сарайы» ғимаратында (Қостанай қ., Юбилейный ш/а, 56) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Қостанай облысы мемлекеттік органдарының басшылығы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізеді.
Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.
Шекараға қатысты ақпараттың жалған екені анықталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі облыс шекарасында арандатушылық болды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ол ақпарат осы жылдың 8 қыркүйегінде тараған болатын. Видеодан Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының автокөліктер колоннасының бара жатқанын көруге болады.
«Артспорт» балаларға арналған бағдарлама
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың мамыр айында республика бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс арқылы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде балалардың сабақтарын жанбасына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша реформа басталды және «ArtSport» (өнержәне спорт) бейресми атауын алды. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – денісау, мәдени және шығармашылық жағынан дамыған тұлғаларды тәрбиелеу.
«Ұлы дала» республикалық әдеби байқауы жарияланды
«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл әдеби байқау Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылып отыр.
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.