Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.
Биыл төлеудің соңғы мерзімі жексенбіге сәйкес келетінін ескере отырып, төлеу мерзімі 1 қазаннан 2 қазанға ауыстырылды.
Есептелген салықтар бойынша алдағы төлемдерді «Esalyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы – «салық әмияны»(бұдан әрі «бюджетпен есеп айырысу»), «алдағы төлемдер» бөлімінде, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында көруге болады (Кaspi.kz, Halyk Bank) деп хабарлады ведомстводан.
Салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұлды есептеу жүргізіледі, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерді тұтқындауды, көлік құралын айыппұл салуға орналастыруды жүргізеді.
Алдыңғы кезеңдердегі салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан көруге болады www.kgd.gov.kz және «электрондық үкімет» порталында азаматтың ЖСН бойынша «электрондық сервистер», «салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде.
Анықтама үшін: ағымдағы күні мүлік салығын төлеуге міндетті 312 262 салық төлеушінің 255 245 немесе 82% төледі.