Бүгін Қостанайда УЕФА Еуропа Лигасы аясында «Тобыл» және «Ружомберок» арасындағы матч өтеді.
«Таза Қазақстан»: халыққа өтінім берудің жаңа сервисі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында @TazaQazBot ыңғайлы телеграм-чат-боты арқылы жергілікті мекеннің және экология мәселелері туралы өтінімдер берудің жаңа сервисін әзірледі.
Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады
Соңғы уақытта алаяқтардың облыс әкімі, әкімдік өкілдерінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы лауазымды тұлғалардың атын жамылып, тұрғындардың қаржысын жымқыру фактілерінің жиілегені жайлы ақпарат тарауда. Осыған байланысты облыс әкімдігі тұрғындарға ескерту жариялады.
Қазақстанда игі істер марафоны басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
1 шілдеде Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алуүшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Тобыл қаласында Домбыра күніне арналған ауқымды іс-шара өтеді
4 шілде күні Қостанай ауданы Тобыл қаласында Ұлттық Домбыра күніне орай, “Күй шеруі” облыстық акциясы аясында дүбірлі күй мен саз думаны өтеді. Ұлт музыкасының мерекесі аудандық “Алтын дән” мәдениет үйі алдындағы алаңда сағат 19:00-де басталады.
Бесінші халықаралық көшпенділер ойындарының бағдарламасы жарияланды
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында этникалық спорт түрлерінен халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2500-ден астам адам қатысады.
Репродуктивті денсаулық апталығы басталды
Денсаулық апталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен 30 маусымға дейін жалғасады.
Автомобиль жолдары комитеті сенім телефонын іске қосты
Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларға қатысатын мердігер ұйымдар үшін сенім телефонын іске қосты.
Полиция департаменті тұрғындарға ескерту жариялады
Қостанай Орталық стадионы аумағында бүгін-ертең сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін облыстық Полиция департаменті жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстарын өткізетін болады.