Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға облыстың әр аймағынан 20-дан астам шығарма келіп түскен. “Қостанай таңы” газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин жеңімпазды анықтау оңай болмағанын айтады. — Эсселердің бәрі де жақсы жазылған. Журналистерден құралған қазылар алқасы барлығын қарап, қорытындыладық. Қарап отырсақ, жүлдеге ілінгендер біздің тұрақты оқырмандар екен. Олар газетімізге […]
“Ерлікке тағзым”: байқауға эссе қабылдау аяқталды
“Қостанай таңы” газетінің төл жобасы — “Ерлікке тағзым” эссе байқауына материал қабылдау бүгіннен бастап тоқтатылды. Енді осы уақытқа дейін келіп түскен эсселерді арнайы комиссия саралап жеңімпаз шығармаларды анықтайды. Байқау қорытындысы туралы ақпарат кейінірек жария етілетін болады.
Ардагерлер азайып бара жатыр…
9 мамыр – Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында неше мыңдаған есіл ерлеріміз қаза тауып, мүгедек болып оралып, еңбекке араласты. Соғысқа бармағандардың «Бәрі де майдан үшін» деп тылда еңбек етті.
Аталар ерлігі – ұрпаққа мақтаныш
9 мамыр – Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында неше мыңдаған есіл ерлеріміз қаза тауып, мүгедек болып оралып, еңбекке араласты. Соғысқа бармағандар «Бәрі де майдан үшін» деп тылда еңбек етті. Соғыс салған жара әлі де жазылған жоқ. Жеңіске жету жолында ерлікпен қаза тауып, хат-хабарсыз […]
Атама хат
Осы хатымды соғыс ардагері нағашы атам Тәжі Бижановтың (шын есімі Баянқұл) естелігіне арнаймын.
Ержүрек майдангер, ұлағатты ұстаз
Торғай өңірінің Саға ауылы тумасы, атамыз, Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт ұстаз, партия қызметкері – Балға Кәкімұлы Шәуенов. Атамыз Балға Кәкімұлы сонау сұрапыл соғысқа 17 жасында аттанса, сол жылдардан бастап жазған өлеңдерін әжеміз көзінің қарашығындай сақтап артында қалған ұрпақтарына естелік ретінде кітап шығартып кеткен еді. Бар мақсаты кейінгі ұрпақ үлгі алсын деген ниетпен еді. Соның […]
Ел естімеген ерлік
– Мұнда Исетов тұра ма? – деп, еңгезердей бір орыс ауламызға кіріп келді. Мен үйге кіріп: – Сені бір орыс іздеп келіп тұр, – дедім әкеме. Сыртқа шыққан әкем өз көзіне өзі сенбегендей әлгі кісіге қарағыгтап тұрып: – Ваня, бұл сенсің бе?! – деп орысшалап, оны құшақтай ала жөнелді. Аң-таң болып біз тұрмыз. Сөйтсек, ол […]
Майдангердің бәрі батыр
Атамнан бір естелік естіп едім, Сол сырлар көкейімді тесті менің. Сұрапыл сұм соғыстың зардаптары Кетіріпті берекесін есті елдің. Арғы атамның ерліктерін еске алып, Отан үшін отқа талай түсті дедім. Тәуелсіздік жылында туғаннан соң Сұрамасам бұл жайлы білмес едім. Ия, бұл сұм соғыс талай отбасының берекесін кетіріп, асыраушыларынан алыстатып, елдің ойранын шығарғанын тарихтан оқып, біліп келеміз. […]
Соғыстың соңғы нүктесі
Ағам тарихшы болғандықтан, әңгімелері өте қызықты, әр айтқан әңгімесін тындамай отыру мүмкін емес. Кейбір әңгімелерін есте сақтап немесе диктофонға жазып алатынмын. Бірақ сол әңгімелердің ішінде менің ойымда мәнгі естелік болып қалатын бір тарихи әнгіме бар. Ол Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені жайында.
Жаужүрек атамды мақтан тұтамын
Қою түтін кең даланы басып, атылған оқтар мен зеңбіректер табиғаттың бір бөлігі ретінде минут сайын құлаққа үрей беріп, жағымсыз естілуде. Жас солдат, қасындағы майдангерлеріне жалт-жұлт қарап, барлығының жүрегінде бір қорқыныш барын сезеді. Қолдағы суық қарудың қанша фашистің өмірін қиғаны белгісіз. Алайда жаудың бұл күні Советтің қанша солдатың өмірден айырғаны жайлы Левитанның сөзінен анық естіледі. Барша […]