Бүгін Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы қаңтар оқиғасында жауынгерлік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды.
Малика Мұқтароваға ескеркіш тақта ашылды
Бүгін өңіріміздің атын елге танытқан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы Малика Мұқтарова тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Әскерге былтыр қабылданған сарбаздар құрметке бөленді
Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған жас Отан қорғаушылар бір жыл бойы Қостанай қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Лисаковтық полицей гаражды өрттен аман алып қалды
Полиция майоры Данабек Игімбердиев Лисаков қаласының Октябрь ауылында учаскелік инспектор болып жұмыс істейді.
Аманкелді батыр мен Әбдіғаппар хан сарбаздарына қылыш соққан ұстаға арнайы кабинет ашылды
Батпаққара жұртшылығына Мырзахмет Елікбайұлының есімі жақсы таныс. Ол ұлт-азаттық көтеріліс сардары Аманкелді Иманов, Әбдіғаппар хан Жанбосынұлының сарбаздарына қылыш соққан белгілі ұста. Биыл Мырзахмет атаның 130 жылдық мерейтойы. Соған орай Аманкелді ауданы Қарасу ауылында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, мектеп ішінен кабинет ашылды.
Облыс әкімі төрт пәтерді өрттен құтқарған батырға алғыс айтты
Түн ортасында “101” пультіне Қостанай қаласы Абай даңғылындағы жеке үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тамерлан Ерденов – «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Тамерлан Ерденов Тобыл қалалық учаскелік полиция қызметкері. Қостанайлық полицейге мемлекеттік награданы Республика күні қарсаңында ҚР ІІМ министрі Ержан Сәденов табыс етті.
19 қазан – Құтқарушылар күні: Қаһармандар Түркия мен Ауғанстан халқына көмек көрсетті
Биыл азаматтық қорғау органдарына – 28 жыл. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Сол құжатқа сәйкес 19 қазан Құтқарушылар күні болып бекітілді.
Батырлардың әулеті
Бұлай айтуымыздың себебі бар. Қостанайдағы Амандосовтар жанұясынан төрт бірдей жауынгер шыққан.
“Достарым, қайран достарым”
Өмір аққан ағын судай екенін жасың келгенде, алды-артыңа қарамай жарқын ең шуақты күндерің артта қалғанда біледі екенсің. Балалығымыз бен жастық шағымыз соғыс және одан кейінгі жылдары туған ұрпақ болған соң үстіміздегі киім, қолымыздағы анамыз тігіп берген дәптер салатын дорба да ешкімді таңқалдырмайтын. Сондықтан болар, сол ұрпақ білімге құштар, қарапайым, достыққа берік болып өскен сияқтымыз.