Кешегі өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауы елімізде 2019 жылдан бері қарқынды жүргізіле бастаған саяси реформалардың негізінде Ата Заңға ауқымды өзгерістер енгізумен ұштасып, мемлекеттің басқару институттарын қайта құрудың электоралды циклін аяқтап отыр. Ел азаматтары алда болатын үлкен өзгерістерге сенгендіктен, әділетті Қазақстан үшін, ұлт болашағы үшін дауыс берді деп айтуға болады. Осыған дейінгі мәжіліс пен мәслихат сайлаулары […]
Қолдан келгенше қол ұшын созамыз
15 наурызда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларымен кездесу өткізген еді. Сол жүздесуде көп ой түйдік, алдымызға бірқатар міндет қойылды. Жиында ауылшаруашылық тауар өндірушілері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне көбірек тоқталып, жұмысшыларды, ауыл тұрғындарын қолдау туралы да айтты. Жалпы, бізде қазірдің өзінде әлеуметтік көмек көрсету туралы ереже […]
Әділ әрі ашық сайлау
Сарыкөл ауданындағы №672 сайлау учаскесінде сайлаудың ашық, әрі әділ өтуін қадағаладым. Аудан тұрғындары бір кісідей таңдау жасады. Біздің учаскеде ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сондықтан, мен бақылаушы ретінде сайлау әділ әрі өте жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Маржанкүл ТАЙЖАНОВА, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы филиалының өкілі
Жауапкершіліктің белгісі
Денсаулық сақтау саласының үздігі, “Еңбек даңқы” орденнің иегері Жанай Ерғабылов учаскеге отбасымен барып дауыс берді. Елдегі саяси ақпаратқа қанық жан ел болашағы үшін деп таңдау жасағанын айтады. – Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінуін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Бірлігі жарасқан ел әрқашан мықты, болашағы жарқын болады, — дейді Жанай […]
Бәрі талапқа сай
Жангелдин ауданындағы учаскелерде 15 бақылаушы жұмыс істеп отыр. Олардың қатарында таңнан бері сайлау процесін қас қақпай қадағалап отырған Кәмшат Бекхожина да бар. – Таңғы сағат 7:00-де учаске ашылғаннан осындамыз. Мен “AMANAT” партиясының бақылаушысымын. Сайлау әділ, талапқа сай жүріп жатыр. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. №308 сайлау учаскесіне 630 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін 400-ден […]
Халық ақынының таңдауы
Бүгінгі ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстанның халық ақыны, Халық ағарту ісінің үздігі, Қостанай облысының Құрметті азаматы Әсия Беркенова №855 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бұл саяси науқанда еліміздің әр азаматы өз таңдауын жасап, дауыс беруге құқылы әрі міндетті. Осы жолғы сайлаудың ерекшелігі – жалпы партиялық тізімнен өзге, жеке үміткерлер додаға […]
Тарихи сайлау деп есептейміз
Жұртымыз биылғы 19 наурызды тарихи күнге теңгерсе, бәлкім, артықтығы бола қоймас. Өзіміз соңын көріп қалған Кеңес Одағы кезінде ауылдан бастап, аудандық, облыстық кеңестерге және республика, одақ жоғары кеңестеріне депутаттар сайлау анау-мынау театр қойылымдарынан кем соқпас еді. Сайлаушылардың барлығы әндетіп, сырнайлатып бюллетеньді жәшікке тастағанын ғана білетін. Бәрі жақсы, бәрі лайықты көрінетін. «Мынауың қалай?» деп біреу бір […]
Ел ертеңіне сенімді
ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына арқалықтықтар да лайықты үлес қосуда. Сайлау учаскелерінде учаскелік комиссиялар таңғы сағат 6:00- ден бастап өз жұмысына кірісті. Сайлау учаскелері материалдық-техникалық құралдармен толық қамтылып, дауыс беруге қажетті барлық мүмкіндіктер жасалған. Жалпы, қала бойынша 23 925 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінде (28 учаскеде) алғаш келген, бірінші дауыс берген […]
Қалыпты жағдайда өтуде
Рудныйда сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бақылаушы осылай дейді. Рудный қаласындағы №137 сайлау учаскесінде де сайлаушылар легі толастар емес. Халық бір кісідей келіп, өз таңдауларын жасауда. Бақылаушы Василий Бучко учаскедегі жағдайдың қалыпты, ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтады. – Бақылаушы ретінде жұмыс орныма таңғы сағат алтыда келдім. Маған жүктелген жауапкершілік жоғары екенін білемін. Сайлау еш кедергісіз, қалыпты […]
Күдер үзбеймін, үмітім зор
Мен Қостанайдағы №8 шағын ауданындағы өз мекенжайым бойынша дауыс бердім. Таңғы сағат 10 кезінде сайлау учаскесіне дауыс беру бюллетенін алуға тұрғандардың кезегі созылып қалыпты. Жұрттың қабағы жарқын, жүзінде жылылық ұялаған. Ал есіктің алдында кешелі бері алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн терісі жібімей жатып алатын үрінді кардың «көңілі босап қоя бергендей» еріп жатыр. Шынымды айтайын, кеудемде бір […]