Елімізде наурыз айының аяғында қар күрт еріп, бұрын-соңды күтпеген табиғат апаты болды. Соның салдарынан он облыста төтенше жағдай жарияланды. Қариялардың айтуынша, бұл су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат көрінеді.
Бұл жағдай енді қайталанбауы керек
Адамзат тіршілігі табиғатқа қашанда тәуелді. Қыста қар мол болсын деп тілейміз. Көктемде су жақсы тасыса екен, барлық аймаққа жайылса екен деп тілеп отырамыз. Жаз жаңбырлы болса екен, егініміз, шөбіміз бітік шықса екен деп алладан жалбарынып сұраймыз.
Біз сыннан сабақ алуымыз керек
Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат біздің қоғам үшін лакмус сынағы болды.
Қиындықты ел болып еңсереміз
Табиғаттың тосын құбылыстары сын-қатерлерге толы екені адамзат баласына әлімсақтан белгілі. Соның бір көрінісі – биылғы көктемгі су тасқыны. Екпіні қатты тасқын су еліміздің біраз өңірлерін әбігерге салып отыр. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, естіп, біліп отырмыз.
Сөзімізге жауапты, ісімізге сауатты қарайық
Өзім де Қостанай қаласында, Тобыл өзенінің жағасында тұрамын. Мұндай жағдайды соңғы 25 жылда көрмеген екенбіз.
Ең басты керегі – халықтың амандығы
Елге тағы бір сын сағатының кезі келді. Ұшса құстың қанаты талатын Торғай даласын жайлаған топан судың зардабы мал-мүлікке зор шығын әкелді. Енді, міне, егіз аққан Торғай мен Қабырға өзендері Тобыл мен Әйетке де әсерін тигізбей қоймады.
Қиындықты міндетті түрде еңсереміз
Қардың күрт еруіне байланысты еліміздің он аймағында су тасқыны қаупі төніп тұр. Осы табиғи апат біздің облысымыздың оңтүстік өңірлерінен басталып, қазіргі кезде Қостанай қаласына жетті. Осыған орай бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Бірнеше күнге созылған су апатымен күрсеуге барлық күштер жұмылдырылып, волонтерлер, құтқарушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері күні-түні ел үшін қызмет етуде. […]
Бірлік болса, бейнет бұлты серпілер
Қазіргі ел көлеміндегі тасқын-топан халқымыздың қабырғасына батып отыр. Су басқан ауыл-аймақ, үй-жай, мал-мүлкінен айырылған жұрттың ауыр ахуалын көріп, жанымыз ауырады.
БІРЛІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП ЖАТЫРМЫЗ
Қазіргі жағдай бәрімізге де оңай болып тұрған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, елді сабырға шақырды. Расында, қазір әртүрлі қауесет тарап жатыр. Жалған-шынын айыру үшін ресми ақпарат көздеріне жүгінген абзал.
Қиын шақ та өтеді…
Қазір еліміз үшін күрделі кезең орын алып отыр. Қардың күрт еруі салдарынан ел аймақтарында су басып, біраз әбігерге салуда.