Әдемі Амантай – “Домбыра”
Байқаулар, Домбыра-думан

Әдемі Амантай – “Домбыра”

“Домбыра-думан” облыстық байқауының келесі үміткері – Арқалық қаласының кішкентай тұрғыны. Әдемі есімді кішкентай ару Кейкі батыр атындағы ЖББМ 7-сыныбында оқиды. Домбыра үйренуге талаптанып жүрген қабілет иесі балдырған күйшілер сынында бағын сынап көрмек. Ол байқауға Арыстанбек Сұлтанбековтің «Домбыра» күйімен қатысып отыр. Үміткерімізге сәттілік тілеп қоялық!

Толығырақ
Сарыкөл ауданындағы домбыра думаны (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Басты жаңалықтар, Домбыра-думан, Руханият

Сарыкөл ауданындағы домбыра думаны (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ұлттық Домбыра күніне орай, облыста маусым айынан бастап «Күй шеруі» атты акция басталған-ды. Содан бері өңірдің әр аудан-қаласында жаппай домбыра тарту іс-шаралары өтіп келеді. Енді, міне, осынау «Күй шеруі» керуені Сарыкөл ауданына да жетіп отыр.

Толығырақ
Нұлбол Исмағұлов – “Ұзақ Ақжелең”
Байқаулар, Домбыра-думан

Нұлбол Исмағұлов – “Ұзақ Ақжелең”

“Қостанай таңы” жариялаған “Домбыра-думан” оқушылар байқауының келесі үміткері 14 жаста. Қостанай ауданы Жамбыл ауылындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Нұрбол күй атасы Құрманғазының “Ұзақ Ақжелең” атты шығармасын орындапты. Екінің бірі тартпақ түгіл атауын біле бермейтін бұл күйді талапкеріміз қалай орындады екен? Бірге тыңдап көрелік.

Толығырақ
Жанасыл Бақытбек – “Ерке сылқым”
Байқаулар, Домбыра-думан

Жанасыл Бақытбек – “Ерке сылқым”

12 жасар балдырғанның қабілетіне баға беріп көріңізші. Болашағынан зор үміт күттіретін дарын десек, қателесе қоймайтын шығармыз. “Домбыра-думан” байқауына арнап, Әбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқымын” орындапты. Жас талап Жанасыл Асыланұлы  Қостанай қаласындағы №9 орта мектептің 6-сыныбында оқиды. Қадамына сәттілік!

Толығырақ
Елжас Қуандық – “Жұмыр-Қылыш”
Байқаулар, Домбыра-думан

Елжас Қуандық – “Жұмыр-Қылыш”

“Қостанай таңы” газеті жариялаған байқауға Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылының дарынды оқушысы қатысып отыр. Елжас Ерланұлының жасы 15-те. Аталған ауылдағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы. Қаршадай ғана жас осы күнге дейін өзгеше өнерімен талай белесті бағындырып үлгерген. Ол Қостанайда, Астанада өткен бірнеше халықаралық байқаудың Бас жүлдесін иеленіпті. Сондай бір өнер сындарының бірінде орындаған […]

Толығырақ
Айназ Қарағұл – “Төремұрат”
Байқаулар, Домбыра-думан

Айназ Қарағұл – “Төремұрат”

“Домбыра-думан” байқауына 14 жастағы талапкер Айназ Кемеңгерқызы Қарағұл қатысып жатыр. Жас дарын Жанкелдин ауданы Торғай ауылында тұрады. “Dan-As” шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі. Айназ Құрманғазының күрделі күйлерінің бірі “Төремұратты” нақышына келтіре орындаған екен. Бірге тыңдап көрейік, лайықты бағасын берейік!

Толығырақ