Жыл он екі айдың сұлтаны болған қадірлі де қасиетті рамазан айында Арқалық қаласына жылдағы дәстүр бойынша Түркия мемлекетінен арнайы қари алдырылды.
Қостанайда ораза кезінде мұсылман жамағатқа арнайы қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді
Бүгінде облыста он конфессияны құрайтын 105 діни бірлестік қызмет атқарады. Олардың жиырма алтысы Ислам бағытында қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етіп келеді.
ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 11 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді.
Дін өкілдері мәһр жайлы не дейді?
Елімізде соңғы кезде Мәһір өзекті тақырыптардың біріне айналғандай. Қай әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, неке сыйы туралы бейнежазбалар кездесетін болды. Қыздар арасында болашақ жолдасынан сый сұрау сәнге айналған тәрізді.
Жайлаубай ата мешітінің ұжымы тегін такси ұйымдастырды
Соңғы екі тәулікте Қостанайда ауа райының күрт салқындады. Жайлаубай ата мешітінің ұжымы намазға келуші жамағатқа керемет тосынсый жасады.
Науырзым ауданында Түркебай ата мешітінің жанынан асхана ашылды
Асхана аудан халқының ұйымдасуының арқасында бой көтерген. 250-300 адамға арналған жаңа нысанды 2022 жылы жеке кәсіпкерден сатып алған еді. Екі жылдың ішінде барлық жұмыстары аяқталып, қолдануға берілді.
Араб еліндегі Құранды түбі түркістандық қазақ өз қолымен жазып шыққан
Ол Құран комбинатында қасиетті кітапты 70 тілге, соның ішінде қазақшаға да аударған. Бұл жайлы Аманкелді ауданының тумасы, газетіміздің жанашыры, меценант «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының жетекшісі Аманкелді Еренғайыпұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында Құран Кәрім кітабын тасқа басылғандай мінсіз етіп қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоһәның қазақ екенін жеткізді.
ХАЛАЛ: Дәмханаға сертификат табысталды
Жаңа жыл Қостанай өнірінде жағымды жаңалықтармен басталды. Осы күнге дейін халыққа қызмет көрсетіп келген «Моя узбечка» дәмханасының ұжымы ҚМДБ-ның «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болды деп хабарлайды Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Ғибадат әрі татулық орны
Тобыл станциясы өңіріміздегі халық саны мол шоғырланған аумақ. Бүгінде ұзын саны жеті мыңдай адам тұрады. Бес бағытты бекеті бар елді мекен тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті осыдан он жыл бұрын пайдалануға берілген “Ажар” мешітіне Республикалық тас жолында тұрғандықтан сырттан адам көп қатынайды.