Орталық стадионда өткен кезекті ойын алдындағы нашақорлыққа қарсы акцияға мың жарымнан адам қатысты. Еріктілер жиналғандарға синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы ақпарат таратқан болатын.
Уақытында қаралып, сырқаттың алдын алайық!
Орта жастан асқан адамдардың жастықпен білінбеген дерті уақытында ем алмаса, асқына беретінін мамандар айтып дабыл қағуда. Оны көбінесе қазіргі экологиялық жағдаймен байланыстырып жатамыз. Алайда, айналамызда сирек кездесетін қант диабетінің дауасы бөлек. Бұл туралы қаламыздағы төртінші емхананың эндикринолог дәрігері Орынкүл Тұржановадан білген едік. – Орынкүл Әбдуқызы, бүгінде ғалымдар қоғамның қауіпті дерт қант диабетінің алдын алуға болатынын […]
Дәрігер тапшылығы қашан шешіледі?
Соңғы жылдары қостанайлық дәрігерлерді ана мен бала өлімі, туберкулез, қатерлі ісік аурулары алаңдатуда. Өйткені, аталған ауру түрлері бойынша көрсеткіш көңіл көншітпейді. Медицина саласындағы маман тапшылығы да бар. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды.
Трансплантация жасағаннан кейін де өмір бар
Қостанай облысы бойынша 360 адам гемодиализ алады. Бүйрек трансплантациясын жүргізуге республикалық күту парағында біздің өңірден 51 адам тұр.
Лисаков қаласында дәрігерлерге пәтер кілті табысталды
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады. Бұл тосынсый жас мамандар мен үйсіз жүрген медицина қызметкерлерін қуантып тастады. Барлығы 12 медицина қызметкерінің отбасы жаңа пәтерге ие болды.
Емі дауа, қолы шипа Айтқожа
Әлемдегі ең ардақты әрі құрметті мамандықтың бірі ол дәрігерлік. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса да ең алдымен осы дәрігерлерге жүгіретініміз анық. Сондай абзал жанның бірі, адам жанының арашашысы Айтқожа Әлімқұловты Аманкелді өңірінде білмейтін адам жоқ. Хирург-эндоскопист маман бүгінде аудандық ауруханада емхана меңгерушісі, “Ақ жол” партиясының депутаты.
«Әр адамның амандығы қымбат»
Қазір қай өңірде де медицина саласының маманы тапшы. Бұл жағдай әсіресе, аудан-қалаларда ерекше байқалады. Оның шешімі – мамандарға айрықша жағдай жасау, зор мүмкіншілік беру. Бұл туралы Лисаков қаласына барған сапарымызда ұзақ жыл медицина саласында қызмет етіп келе жатқан кәсіби маман, қалалық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Аленова әңгімелеп берген еді.
Өзгеге өмір сыйлау бақыты
Бүгін дүниежүзілік донорлар күні. Жыл сайын донорлар тапсырған қан миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады. Қостанай облыстық орталығына үздіксіз келіп қан тапсыратындар аз емес. Мамандар күніне 70-ке жуық адамнан қан алып, соның 40-тан астамын іске жаратады.
Ауылда бруцеллезге қарсы шектеу белгілері қойылады
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің “Манас” ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімі дайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Азық-түлік қауіпсіздігі қашанда маңызды
7 маусым – Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күні. Бұл күні әркім азық-түлік қауіпсіздігі, тағамдық аурулардың ықтимал қауіп факторлары туралы көбірек біле алады. Қауіпсіз және дұрыс тамақтануды таңдау, басқаларға азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігі туралы білімдерін кеңейтіп және бөлісуге көмектесу сондықтан зор маңызға ие.