Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің «Манас» ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімі дайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылының» Манас» ЖШС аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», – делінген құжатта.
Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарабалық аудандық басқармасына, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесіне анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылды.