Ұлттық Домбыра күні биыл да дүркіреп өтті. Мерекеден мезеттік қана әсер алдық па, әлде бұны өңірдің мәдени өміріндегі орны бөлек оқиғаға балауға бола ма? Жалпықалықтық сипат алған күй тарту акцияларының рухани маңызы қаншалық? Домбыра насихатының оң ықпалы, елеулі нәтижесі бар ма? Ой жүгіртіп көрсек…
Кенді шаһарда күй күмбірледі
Меңдіқарадан бастау алған «Күй шеруі» акциясы әлі жалғасып жатыр. Өткен апта да Рудный қаласының орталық алаңында 350-ден астам домбырашы күмбірлетіп күй төкті.
Меңдіқарада күй күмбірледі
«Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген керемет тәмсіл бар. Осы тәмсілді ұстанымға айналдырған меңдіқаралықтар аудан орталығында қос ішектен күмбірлетіп күй төкті.
«Ата-әженің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды» дейді арқалықтық отбасы
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні «Үйіңде қарияң болса, жазылып қойған хатпен тең» дейді халық даналығы. Өмірдің сан қилы соқпағынан өткен, ыстық-суыққа төзіп, бар ғұмырын ұрпағының болашағына, елінің өркендеуіне арнаған қазыналы қарттарымыз аз емес. Жастық шағын ерен еңбекпен өткізіп, бүгінде сол төккен терінің зейнетін көріп, қартайдым деп қарап отырмай немере бағып, немересінің бойына ұлттық салт-сана, […]
14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»
Осы күнді ерек көретін мүсінші, ұста Мұханбетқали Рахалиев ақын, жазушы, шебер, ағасы Серікбай Оспанұлына арнайы барып, көне дәстүрдің тәрбилелік үлгісін көрсетті.
Барлық мектептерде ұлттық күй бір мезетте ойнайды
Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж 20 наурыз күні сағат 12:00-де өтеді.
Әскерилер қазақтың дәстүріне қанықты
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінде бүгін әскери қызметші әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жаңғырту мақсатында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» тақырыбында тәрбие танымдық сағаты өткізілді.
Қайырымды істер марафоны жалғасып жатыр
Биылғы қыста қардың қалың жауғаны орталық көшелерден бастап жеке тұрғын үй секторында тұратын тұрғындар үшін қолайсыздық туғызды. Осыны ескерген «Жарық» еріктілер клубы игі істердің ізін жалғады. Олар жалғыз тұратын қарт адамдардың ауласын қардан тазалап, азық-түліктерін жеткізіп беруде.
Арқалықта «Домбыра сыйла» челленджі басталды
Челленджді ұлттық өнерге үлкен жанашыр болып, нақты қолдау көрсетіп жүрген қала әкімі Әмірхан Асанов бастап берді.
Қостанайлықтар да ұлттық ойындар челленджіне атсалысты
Орта білім беретін оқу орындарының ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Төрт өнер – төрт тоқсан» атты тұжырымдама бар. Соған байланысты әр тоқсан әртүрлі тақырыптарға арналып отырады.