2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың барлық міндетті түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу енгізіледі деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінен.
Мәжіліс депутаттары Қостанайдағы байланыс сапасын тексерді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркін Әбіл мен Екатерина Смышляева Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр.
Tele2/Altel өңірдегі ұялы байланыс сапасын жақсартпақ
Қостанай бесінші буын операторлық желісін құрып жатқан еліміздің алғашқы қалаларының бірі. Облыс орталығында Tele2/Altel жаңа буынының екі базалық байланыс станциясы жұмыс істейді, олар Тәуелсіздік және Бостандық көшелерінде орнатылған. Осы жылдың қыркүйегіне дейін қалада осындай жеті орын, ал жыл соңына дейін 11 орын болады деп жоспарлануда.
Ұзынкөл ауданының шалғай аудандары ұялы байланыспен толық қамтылады
Бұл туралы облыс әкімі аудан халықының талап-тілектерін тыңдауға барған сапарында айтты.
Қостанай облысының 174 ауылы үш жылда жоғары сапалы 4G интернетімен қамтылмақ
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадиннің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұялы байланыстың бесінші буыны Қостанайда іске қосылмақ
Облыс әкімдігінің ұсынысына сәйкес биыл “Қазақтелеком” АҚ Қостанай қаласында 5-ші буын (5G) ұялы байланысының бірінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.
“Техникалық байқау” құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады
Енді еліміздің көлік жүргізушілеріне құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру міндеттелмейді деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Е-өтініш несімен тиімді?
«Е-өтініш» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе жіберілген өтініштердің қаралуын жылдам бақылануын жетілдіруге бағытталған. Ондағы мақсат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырып, өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру. Ең тиімдісі, азаматтар өтінішті үйден шықпай-ақ бере беруге болады.
Қазақстанда ұялы байланыс қызметін көрсету бойынша ережелерге өзгеріс енгізу жоспарлануда
Енді жаңа нөмірді тіркейтін кезде абоненттер биометриялық деректер (адамның бет-бейнесін) тексерісінен өтуге міндеттелуі мүмкін. Тиісті бұйырық-жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Ертең бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz “Қазтелерадио” Ұлттық операторына сілтеме жасай отырып.