Енді жаңа нөмірді тіркейтін кезде абоненттер биометриялық деректер (адамның бет-бейнесін) тексерісінен өтуге міндеттелуі мүмкін. Тиісті бұйырық-жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
⠀
Құжатта Цифрлық даму министрлігі ұялы телефон нөмірін тіркеу процесі кезінде биометриялық растаудан өту процесін енгізуді жоспарлап отырғаны айтылған. Бұл — азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін енгізілмек.
⠀
«Цифрландырудың қарқынды дамуында абоненттік құрылғылар республика азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі.
Қазіргі уақытта операторлар ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу кезінде абоненттерді дұрыс сәйкестендірусіз тіркейтін онлайн сервистер арқылы жүзеге асырады.
⠀
Бұл проблеманы басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланады», — делінген бұйрықтың салыстыру кестесінде.
