Қостанайлық диірменшілер бидай бағасының белгіленген ең төменгі деңгейі бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Кәсіпкерлер палатасының алаңында инвесторлар үшін «Ашық есік күні» өтті
Оған облыс прокурорының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі аға көмекшісі Денис Леонов пен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті бөлімінің аға прокуроры Лаура Аманбаева қатысты.
Арқалық қаласына қарасты Родина ауылының тұрғыны мұқтаж жандарға көмек көрсетуде
Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама негізінде Business.enbek.kz порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүргізілген болатын. Арқалық қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың тұрғындары осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіптің сан түрін ашты. Олардың қатарында қайтарымсыз грант алып, монша кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана Әсел Дәмешова да бар.
Қарапайым жүргізуші кәсіпкерге қалай айналды?
Батырбек Исаков бала кезінен Қарасу төңірегінде тыңнан түрен салған кәнігі механизатолардың ыждағаттылғын көріп өсті. Қыс болса мал жайлап, жаз шыға ауыл үлкендеріне еріп, қырман басына аттанушы еді. Соның әсерінен болар, әрдайым жүргізушілік кәсіпті өзгелерден биік тұтты.
Субсидияның орынын несие баспақ
Биылдан бастап шаруаларға субсидия берілмейді. Оның орынына олар жеңілдетілген несие ала алады.
Сенатор еңбек ұжымымен кездесті
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет үлкен қолдау көрсетіп отыр. Соның арқасында өнеркәске жан бітті. Басқа өңірді айтпағанның өзінде, Қостанайдағы көптеген өндіріс ошағының өрісі кеңейді. Солардың бірі – «Азурит» тігін фабрикасы.
Қостанай облысында 70 шаруа қожалығы тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолға алды
Қостанай облысында тауарлы балық шаруашылығы айтарлықтай өсім көрсетіп отыр: соңғы төрт жылда бұл саладағы қожалық саны 18 есе артып, 70-ке жетті деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Аймақтағы көлдерде дәстүрлі түрде тұқы және ақбалық түрлері өсіріледі, ал биыл осетр балығын өсіру алғаш рет қолға алынды.
Бекіре фермасының дүкені ашылды
Тобыл қаласындағы бекіре фермасының өндірісі кеңейе түсіп, арнаулы дүкені ашылды.
Қытайдан келген серіктестермен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері пысықталды
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының ҚХР-ға ресми сапары аясында стратегиялық қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісті.
Қарамеңді ауылында ет бағытындағы ірі қара мал өсіру шаруашылығы ашылады
Бұл туралы Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов тілшімізге берген сұқбатында айтып берді. Жобаның бастамашысы – «Сырымжан» ШҚ. Оған 85 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.