Жерлесіміз, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Альмира Жансүгірова Алматы қаласындағы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жыл директоры» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау қашан басталады?
20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады.
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың төртінші легі басталды
Құжат қабылдау 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы eGov арқылы онлайн түрде қабылданады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Грантқа құжат тапсырғандардың дені қай мамандықты таңдады?
Ғылым және жоғары білім министрлігі екі күн ішінде грант конкурсына талапкерлерден 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыты ретінде «Педагогикалық ғылымдар» қалып отыр, оған 8 мыңға жуық оқуға түсуші құжат тапсырған.
Жапонияның Чиба қаласында өткен 64-ші Халықаралық математикалық олимпиада жерлесіміз жүлдегер атанды
Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Олимпиада қорытындысы бойынша «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Жан Даутов қола медаль жеңіп алып, әлемдегі ең мықты математика білгірлерінің қатарына енді. Қостанай облысының қоржынында 15 жылдағы алғаш жетістік дейді мамандар.
Докторантураға құжат қабылдау науқаны басталды
Ол 2023 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгіннен бастап грант конкурсына өтініш қабылданады
13-20 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Биыл медицина және фармацевтика бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін қанша грант бөлінеді?
Биыл медицина және фармацевтика саласы бойынша білім алу үшін талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардан қанша орын бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда ҰБТ-2023 қорытындысы жарияланды
Мәселен, ҰБТ шекті балын 162 мың талапкердің 135 мыңы жинады, бұл жалпы санның 83% -. құрайды. Орташа балл-73 балл. Бес адам 137 ұпай жинап, ең жоғары балл жинады. 2 868 үміткер 120-дан астам ұпай жинады. Смартфондарды, алдау парақтарын және басқа да тыйым салынған заттарды алып жүру әрекетіне байланысты 402 адам тестілеу мүмкіндігінен айырылды. Ережені бұзғаны […]
Келесі жылы ҰБТ тапсырушыларға өз қаламсабын алып кіруге тыйым салынады
Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушыларға қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.