А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай қаласының мектеп басшыларына ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма төрағасы-ректоры Сейітбек Қуанышбаев, Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева, Қостанай қаласы мектептерінің директорлары және институт директорлары мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Аудандарға берілген жаңа автобустар неге жүрмей тұр?
Бір ай бұрын аудандық білім бөлімідеріне 13 жаңа автобустың кілті табысталған еді. Бұл салтанатты рәсімді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өзі жүргізген болатын. Бірақ тасымал көліктерінің іске кірісер түрі жоқ. Мектеп оқушылары әлі күнге дейін су жаңа техниканің беруіне де мініп көрмеген.
Арқалықта Altynsarin institute түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 4-ші курс студенттеріне «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook-парақшасында жазылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – институт түлектерін жұмыспен қамту. Жәрмеңкеге облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдері мен жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі ұйымдарды қосқанда 17 мекеменің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Altynsarin institute биыл Педагогика […]
Қостанайлық оқушылардың жетістігі
Астана қаласында Қостанай NIS оқушылары қаржы қауіпсіздігі жөніндегі республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде Сабина Ермұханова I дәрежелі дипломмен, Айдана ҚияҚбаева II дәрежелі дипломмен және Жансерік Қалиола III дәрежелі дипломмен марапатталды. Іріктеу кезеңі «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» екі бөлімнен тұратын «Жаһандық құзіреттер» оқу курсы бойынша онлайн форматта (тестілеу) өткізілді. […]
Оқу керек, тоқу бөлек
Қостанай облысы мектептерінің 9, 11 сынып оқушылары өңірдің 6 жоғарғы оқу орнының және 14 колледждің өкілдерімен кездесті.
Мектептерде соңғы қоңырау қашан соғылады
«2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Оқу-ағарту министрінің бұйрығы күшіне енді. Бұл туралы вице-министр Шолпан Қаринова Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні
12 сәуір – Қазақстанда Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Бұл кәсіби мереке осымен 11-ші жыл қатарынан атап өтіліп отыр. Бүгінде ғылым саланы дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар аз емес. Мәселен…
2-сыныпта шетел тілі болмауы мүмкін
Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шетел тілі пәні алынып тасталуы ықтимал. Бұйрық жобасы “Ашық НҚА” сайтында пайда болды.
Енді білім грантын бөлуде талапкердің ҰБТ нәтижесі, әлеуметтік мәртебесі мен жетістігі ескеріледі
Талапкерлерге оқу гранттары сараланған жүйе бойынша берілуі мүмкін. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанайлық оқушылар ғылыми жобалар байқауында топ жарды
Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңінде Қостанай NIS оқушылары бірінші және екінші орындарға ие болды.