2-сыныпта шетел тілі болмауы мүмкін

2-сыныпта шетел тілі болмауы мүмкін

Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шетел тілі пәні алынып тасталуы ықтимал. Бұйрық жобасы  “Ашық НҚА” сайтында пайда болды.

Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныптарда “Шет тілі” пәні алып тасталатыны айтылған.

10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында “Шетел тілі” пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

“11 жылдық оқыту аясында оқу бағдарламаларын жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мектеп түлектеріне еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін игеруге жол ашады”, – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.

Жоба 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жаңалықтармен бөлісу