Бүгін елімізде атом электр станциясын салу бойынша референдум өтіп жатыр. Қостанай қаласы №1 музыка мектебінде орналасқан №3 учаскесі таңғы 7-ден жұмысқа кірісіп кетті.
Облыс әкімі жаңа саябаққа ағаш екті
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының Арыстанбеков көшесі бойында орналасқан саябақта ағаш отырғызды.
Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Сонымен қатар еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Жол қауіпсіздігі жедел цифрландыруға көшеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары
Президент бүгінгі форуда осылай деді. Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар.
Үкімет басшысының кеңесшісі Рудныйға жұмыс сапарымен келді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев кеншілер қаласына іссапармен келді.
Облыс әкімі өндіріс ошақтарын аралады
Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов “KamlitKZ” ЖШС мен КИА зауытына барып, өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты.
Жол – күретамыр
Жол салу кез келген елдің экономикасына елеулі ықпал етеді. Демек, екі арадағы шақырымдарға ұласқан күре жолдың маңызы айтпаса да түсінікті. Оған мемлекеттің өзі мүдделі. Сондықтан, Президент жыл сайынғы Жолдауында жол жағдайына тоқтамай өткен емес.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Көршілес екі ел арасында сауда кешені құрылады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.