Қостанай қаласын дамыту – зор қажыр мен мол қаржыны талап ететін жұмыс. Өйткені шаһарды шырайландырып, тіршілігін шыр айналдыру үшін көп олқылықтың орнын толтыру керек. Кезек күттірмейтін мәселе аз емес. Көзге көрініп, сөзге ілініп отырған түйткілдерге қатысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов қадау-қадау тапсырма берді.
“Әуежай” шағын ауданындағы тұрғын үйдің кемшілігін жою мердігерге жүктелді
Облыс әкімі “Әуежай” шағын ауданындағы №45/1 тұрғын үйдің жай-күйімен танысты. Бұған дейін дәл осы үйдің тұрғындары бірқатар шағыммен өңір басшысына жүгінген еді.
Көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстары пысықталды
Биыл өңірге қар қалың түсті. Әдетегі нормадан 4 см-ге жоғары. Қардың ылғалдылығы да мейлінше көп. Жердің тоңы 25 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты өткен кеңесте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қайрат Қасым айтты.
Құмар АҚСАҚАЛОВ: “АУЫЛҒА НАҚТЫ КӨҢІЛ БӨЛЕМІЗ”
Өткен жылы өңірде “Ауыл-ел бесігі!” мемлекеттік бағдарламасының аясында ауқымды жобалар қолға алынды. Соның арқасында шалғай елді мекендерде медициналық мекемелер, бала-бақша, мектептер жөндеуден өтіп, жолдар жөнделді. Су құбырлары тартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғаспақ.
Облыс әкімі пәтердің салқындығына шағымданған тұрғындардың үйіне барды
Газетіміздің өткен санында күн суытқанда өңір басшысы шағым түсірген пәтер иелерінің үйіне баратынын жазған едік.
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады (ВИДЕО)
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
Облыстың оңтүстік өңірлері өркендемек
Арқалық қаласының жанындағы “Маятас” кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өңдейтін тау-кен байыту комбинаты салынады. Бұл жоба тоқтап қалған Торғай боксит кен кәсіпорынын алмастырып, оңтүстік өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сеп болмақ.
Облыс әкімі тұрғын үйлердің жылуын өзі тексереді
Бұған дейін қала тұрғындары пәтерлерінің салқындығына шағымданған еді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяз күшейгенде шағым айтқан тұрғындардың пәтерлеріне баратынын айтқан. Бүгін қаланың үш ауданындағы жылу желілерінің жұмысын тексерді.
Баянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат
Биыл еліміз үшін өзгерістерге толы жыл болды. Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқы нәтижелері де жоқ емес.
Спорттық бағдарламалау федерациясының өкілдігі ашылды
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Спорттық бағдарламалау федерациясының Қостанай филиалының ресми ашылуына қатысты. Сондай-ақ, “Qostanay it Hub” орталығының және IT компаниялардың жобаларымен танысты.