Облыс әкімі пәтердің салқындығына шағымданған тұрғындардың үйіне барды

Облыс әкімі пәтердің салқындығына шағымданған тұрғындардың үйіне барды

Газетіміздің өткен санында күн суытқанда өңір басшысы шағым түсірген пәтер иелерінің үйіне баратынын жазған едік.

Өңір басшысы уәде еткеніндей, жылу желілерінің қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін “Юбилейный” шағын ауданындағы №4 көпқабатты тұрғын үйдің біренше пәтеріне бас сұқты.

            “Өткен жылы пәтер салқын болғанда келіншегім хабарласып шағым айтқан еді. Қазір жақсы, шағын бөлмелер тіпті ыстық. Шамасы жылуды күшейткен болар”, – деді пәтер иесі.

Төменгі және жоғарғы қабаттағы тұрғындар да пәтерлерінің жылы екенін айтып отыр. Пәтердегі орташа темепература + 25ºC. Құмар Ақсақалов қосымша қазандықтың іске қосылғанын айтып өтті.

            “Бұл шағын ауданды №92 және №93 қазандықтар жылытатын. Биыл қосымша қазандық қосылды. Енді менің Instagram әлеуметтік желіме “Әуежай” шағын ауданындағы №45/1 үйдің иелерінен шағым түсіп жатыр. Жылудан өзге басқа мәселе де бар болуы мүмкін. Несиелік тұрғын үй. Алдағы уақытта мердігермен бірге тексеру жүргізу қажет деп санаймын”, – деді Қ.Ақсақалов.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу