Өңірде су тасқыны толық тұрақталды. Бұл туралы бүгін өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов мәлімдеді.
Министр мансап орталығының жұмысын сынға алды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өңірде болған екінші күнінде Қостанайдағы бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты.
Құмар Ақсақалов: “Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіруге дайын”
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары барысымен танысты.
Президент Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесті.
Президент су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін айтты
Өз кезегінде тұрғындар су тасқынының зардаптарын жоюға жедел көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстарының уақытылы жүргізілгені үшін алғыстарын білдірді.
Мемлекет басшысы Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті
Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.
Президент: “Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумағын тікұшақпен аралап көргеннен кейін қарғын су салдарынан эвакуацияланған аудандардың халқымен кездесті.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.
Тоқаев: «Жойқын су тасқыны болып жатыр»
«Ең алдымен, мен еліміздегі қазіргі ахуалға тоқталып өткім келеді. Жағдайды көріп, біліп отырсыздар, аймақтарда сексен жыл болмаған жойқын су тасқыны болып жатыр. Көптеген елді мекенді қарғын су басты. Жалпы ахуал өте күрделі. Қазір Үкімет барлық қажетті шараларды жедел түрде қабылдап жатыр. Тиісті тапсырмаларды бердім, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Табиғаттың тосын мінезінен басқа да елдер зардап […]