Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Елімізде үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру байқауы басталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Жиынға орнықты дамудың жаһандық сын-қатерлерін талқылау үшін әлем көшбасшылары мен сарапшылар келді.
Назар аударыңыз, алаяқтар күшейе түсті
Полиция өкілдері тұрғындарға әрдайым сақ болып, деректеріңізді қорғауға шақырады.
Әулиекөл ауданында жаңа стоматологиялық кабинет ашылды
Аудан тұрғыны Лейла Гадаева өзінің кәсіби білімі мен кәсіпкерлік бастамасының арқасында аудандық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өз ісін ашуға мүмкіндік алды. Аудандық Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес бастап, дамыту үшін қажетті барлық көмекті көрсетті, қайтарымсыз негізде грант та бөлді.
Жылдың үздік жас тәлімгері марапатталды
Алтынсарин ауданының тумасы Евгений Чижевичке жуырда «Жыл тәлімгері» құрметті атағы берілді. Марапатқа ие болған Новоалексеев ауылының тұрғыны небары 36 жаста. Жұмыс барысында адал еңбегі үшін бірнеше рет бағаланған оның қол астындағы бригада екінші жыл қаратынан үздік ұжым ретінде таныла білді.
Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстап шығатын спортшылардың есімдері белгілі болды
Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.
Қазақстанда жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық қызметтер әзірленеді
«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Үкімет отырысында Қазақстанда цифрлық қызметтер әзірленіп жатқанын, азаматтардың жаһандық электрондық сауда тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік беретінін хабарлады.
Әулиекөлдік «Шабыт» театры қостанайлық өнер сүйер қауымды жаңа қойылымымен қуантпақ
Театр түрлі мамандық иелері мен әр жастағы адамдардың басын біріктіре отырып, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында үлкен премьераға дайындалуда. Бұл қойылым тек шығармашылық жеңіс емес, сонымен қатар қоғамға арналған терең әлеуметтік үндеу болмақ.
2024 жылы ІІМ криминалистері 50 мыңнан астам тексеру жүргізді
Өткен жылы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистік бөліністері оқиға орындарында 50 мыңға жуық тексеру жүргізді. Бұл тергеу үшін «құнды» дәлелдемелер жинауға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.