Ұлыстың ұлы күнін атап өту үшін қостанайлықтар орталыққа ертесімен жиналды. Алаңға ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, сән-салтанатымен түрлене түсуде. Негізгі мерекелік іс-шара таңғы 11:00-де басталды. Қазақы ңақышта киінген жігіттер мен қыздар театрландырылған қойылым көрсетті. Көпшілікке шашу шашылып, жиналғандар наурыз көжеден дәм татты. Ұлыстың ұлы күнімен облыс тұрғындарын құттықтау үшін Құмар Ақсақалов ортағы шығып, тілегін айтты. – […]
Наурызым — нұрлы ырысым
Жер – дүниені жаңартып, жылы шуағын ала келген Наурыз мерекесі Арқалық қаласында кең көлемде аталып өтті.
Дүбірлі думанға даярлық қалай? Орталық алаңнан фоторепортаж
Тағатсыз тостырған ұлт мейрамына бір тәулік қалды. Әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар мекеме-ұйым, сарай-залдарда апта бойы толассыз жалғасып жатыр. Ал облыс орталығында өтетін басты мейрамға дайындық, киіз үй тігу барысы қалай жүріп жатыр? Оны фототілшіміз камерасына іліктіріп қайтты.
“Ән мен күйі, ас пен сыйы – бәрі тамаша!” Қостанайда Наурыз тойы қыза түсті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Наурыз тойлап жатқан қалалықтарды құттықтады. Облыс әкімі алдымен Майлин көшесі 24 үйдің ауласына барды. Бұл арада қалалықтар дастархан жайып, ән-жырдан шашу шашып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырған.
Мейрам қарсаңында қостанайлық кәсіпорындар қайырымдылық акцияларын бастады
Наурыз мейрамы дәстүрлерінің бірі – мейірімділікті жандандыру және бірлікті сақтау. Бұл – игі істердің уақыты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қала кәсіпорындары қайырымдылық акцияларына қатысып жатыр.
Наурыз тойы Арқалықта дүркіреп өтіп жатыр
Дәстүрлі «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» ұлттық мейрамы Арқалық қаласының аймағында жалпыхалықтық реңкте кеңінен аталып өтіп жатыр. Іс-шараларға толы онкүндікпен басталған мерекелік думан мәдени орындарда, білім беру мекемелерінде толассыз ұйымдастырылуда.
Қостанайдағы резиденция оңалту орталығына айналады
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақтық резиденцияның алдағы уақыттағы қызметін айқындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, қоғам өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірқатар ұсыныс, тілектері тыңдалды. Жұмыс тобының шешімімен аймақтық резиденцияны Психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған реабилитациялық орталыққа бейімдеу туралы шешім қабылданды.
Оқушылар тасымалы үшін 28 автобус сатып алынды
Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов облыстың 13 ауданындағы шалғай ауылдарға балалар тасымалы үшін сатып алынған жаңа заманауи мектеп автобустарымен танысты.
Шұғыл көмек көрсетеді
Демалыс күндері балаларға шұғыл стоматологиялық көмек көрсету мақсатында ДБ бұйрығымен шұғыл стоматологиялық көмек көрсететін емдеу ұйымдары мынадай тәртіппен анықталды (қабылдау уақыты сағат 10.00-ден бастап, сағат 15.00-ге дейін):
Шығармашылық тапсырыстың ауқымы кеңейді
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Артспорт» шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы 2021 жылғы мамыр айынан бастап іске асырыла бастады. Бұл бағдарлама 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға шығармашылық үйірмелерге жергілікті атқарушы органдар бюджеті есебінен тегін қатысуға мүмкіндік береді. Оны іске асыруға 2021-2023 жылдар кезеңінде 2 млрд. 549 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру жан басына шаққандағы […]