Мейрам қарсаңында қостанайлық кәсіпорындар қайырымдылық акцияларын бастады

Мейрам қарсаңында қостанайлық кәсіпорындар қайырымдылық акцияларын бастады

Наурыз мейрамы дәстүрлерінің бірі – мейірімділікті жандандыру және бірлікті сақтау. Бұл – игі істердің уақыты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қала кәсіпорындары қайырымдылық акцияларына қатысып жатыр.

Оған дәлел, Beef Export Group зауыты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарынан құрылған “Радуга” бірлестігіне көмек көрсетті. Қайырымдылық акциясы аясында 89 отбасы азық-түлік жинақтарымен қамтылды.

Көмек алған отбасылардың бірі – Наталья Зубрицкаяның отбасы. Ол ұл тәрбиелеп отыр.

– Бізге көңіл аударғаныңыз үшін көп рахмет, бұның отбасым үшін маңызы жоғары. Менің ұлым енді жәрдемақы алмайды. Мейірімге толы жүректер, қолдау мен қайырым – бұл күндері біз ерекше бағалайтын нәрсе”, – дейді Наталья Зубрицкая.

Қостанай кәсіпорындары “әлеуметтік жауапты бизнес” қағидатын әрқашан қаперде ұстайды.

Жаңалықтармен бөлісу