Оқушылар тасымалы үшін 28 автобус сатып алынды

Оқушылар тасымалы үшін 28 автобус сатып алынды

Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов облыстың 13 ауданындағы шалғай ауылдарға балалар тасымалы үшін сатып алынған жаңа заманауи мектеп автобустарымен танысты.

Облыста күн сайын 2,5 мыңнан астам оқушы, апта сайын 300-ден астам оқушы апта сайын мектепке тасмалданады.
Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1,089 млрд теңгеге сатып алынған 28 автобус 13 білім бөлімінің басшыларына берілді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа автобустар жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталғанын атап өтті. Олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген: автобустарда пандустар және жүргізушіні шақыру түймелері бар.
Автопаркті бірден 28 автобуспен толықтыру оқушыларды тасымалдауды ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.Білім беру ұйымдарының автопаркі жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. Соңғы екі жылда облыс бюджеті есебінен 322 млн теңгеден астам қаржыға 9 автобус және 12 шағын автобус сатып алынды.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту жөніндегі міндетін орындау үшін 407 ауылдық мектепті жаңғырту жоспарланған, оның 81-і осы жылы жүзеге асады.
2021-2022 жылдары 12,9 млрд теңгеге 193 білім беру объектісіне жөндеу жүргізілді, 2023 жылы 138 нысанды жөндеуге 5,3 млрд теңге көзделген.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 7500 орындық 9 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған заманауи, жайлы мектептер болмақ. Олар қалалық және ауылдық жерлерде салынады.
Жыл сайын облыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қомақты қаражат бөлінеді. Мысалы, соңғы екі жылда 3,9 млрд теңге бөлінді, осы жылы бұл мақсаттарға 1,6 млрд теңге бағытталды. Осының арқасында студенттік жиһаз, спорт жабдықтары мен компьютерлік техника жаңартылуда.
Ауылдық мектептерде 10 заманауи пәндік кабинет және 9 робототехника кабинеті пайда болмақ. Бұл — 44 мың ауыл оқушысы жайлы жағдайда сапалы білім ала алады деген сөз.

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу