Қостанай қаласының әкімдігі “Тобыл” футбол клубымен бірлесіп, «Мирас» мәдениет үйінде (Маяковский көшесі, 119) «Тобыл» – «Базель» конференциялар лигасының екінші раундының жауап матчын көрсетуді ұйымдастырады.
ӨНІМ МЕН ӨСІМ
Бүгінде облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 900-ден астам зауыт, фабрика айналысады. Оның сыртында 42 мыңға жуық адам жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар астықты өңірдің дамуына айрықша үлес қосып отыр.
Жуырда өңіріміз үлкен инвестициялық форумның алаңына айналмақ
Қостанайда төртінші тамыз күні кең ауқымды инвестициялық форум өтеді. Бұл жиынның мән-маңызы туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов пікір білдірді.
70,7 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдады: Қазақстанда 1-сыныпқа оқушы қабылдау мерзімі аяқталды
Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі соңына жетті. Құжаттарды қабылдауға төрт ай уақыт берілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тозығы жеткен аулалар қашан жөнге келеді?
Тозығы жеткен асфальт, шаңы бұрқырап, шөбі ну болған жол, балалардың ескірген ойын алаңы. Бұл – 5-шағын аудандағы №1 үйдің ауласы. Қарасаңыз, қала іші емес, ұмыт қалған айдала сияқты. Ауланың берекесі кетіп, тоз-тозы шыққалы қай заман. Неше жылдан бері ПИТК (пәтер иелерінің тұтыну кооперативі) күтімге алса да бір оңдырып іс атқарған емес.
Өңірдегі халықаралық турнирлердің жеңімпаздарына берілетін төлем мөлшері ұлғайтылды
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Республикалық және халықаралық спорттық турнирлердің қостанайлық жеңімпаздары спорттық көрсеткіштері үшін жоғары төлемдер алатын болды. Бұл көптен күткен жаңалық.
Қостанай-Астана бағытындағы автобус жолға шықты
Бүгіннен бастап Қостанай мен Астана қаласының арасына арнайы автобус қатынауда. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ресми сайтында жариялады.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды
Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. «Мектепке жол» акциясы оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу мақсатында өткізіледі.
Қостанайда жаяу жүргіншілер субұрқағы ашылды
Оны орталықтағы бегомот мүсіні тұрған субұрқақтың орнына салды. Мүсін сақталған, қызғылт түсті күкірт жасап, көгілдір қолшатырмен жабылған. Ол балаларға арналған суретке түсу орнына айналып отыр.
Бірлігі жарасқан ауыл
Қостанайдан шамамен қырық шақырым жерде Жуковка деп аталатын аядай ғана ауыл бар. Жері шүйгінді, егін егіп, мал бағуға аса қолайлы. Қаладан солтүстік шығысқа қарай кең жазықты алып жатқан елді мекен кезінде Александров кеңшарының үлкен бөлімшесі болатын.