Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының алтыншы турында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасына қонаққа барды. Қос қарсылас ойынның жиырма бесінші минутына дейін доп алмасып алған болатын.
Бүгін – қасиетті Қадір түні
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды.
Министр: “Қостанай – биологиялық тазарту станциясы жоқ жалғыз қала”
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова облыстық БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Экология және табиғи ресурстар министрі Қостанай облысына іссапармен келді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесті.
“Сөйле, сурет!”
Елімізге және алыс-жақын шетелге есімі етене таныс суретші Аңсаған Мұстафа алғаш рет Қостанайға келді. Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде қылқалам шеберінің “Сөйле, сурет!” атты көрмесі ашылды. Бірінен бірі асып түсетін 56 сурет музейдің “Бейнелеу өнері” залына қойылған.
Қостанай облысында жылу желілері жаңартылады
Облыстағы жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы – 810 шақырым. Оның 57%-нің тозығы жеткен.
Мемлекеттік қызметшілер арасында байқау жарияланды
15 сәуірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталады.
Біреуге су, біреуге шу керек
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қолданысқа енгізілгеннен бері Жанкелдин ауданында көптеген ауқымды жоба жүзеге аса бастады. Жергілікті халықтың басты талабы таза ауыз су еді. Мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Қазіргі таңда Шеген ауылына су тұшыту қондырғысын орнату жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар Сужарған ауылында да жалғасын табады.
«Жұмыс бағыты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу»
ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін және қоғамдық іс -шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін Арқалық қаласындағы «Жастар – Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ төрағасы Амангелді Ахметжанов «Жаңа Қазақстан: Жастар саясатының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Біз орайы келгенде қоғамдық бірлестіктің атқарып отырған жұмыстарының барысымен жақынырақ танысуды жөн көрдік.
Академиктің қызы
Атырау елінің тумасы, алғашқы еңбек жолын Ақжайықтың жағасында бастаған Бибігүл АЛДАМЖАР Қостанай жеріне келіп, бүгінде табысты әрі ең танымал бизнес-ханымдардың қатарына қосылды.