Қостанай облысының полицейлері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Қостанай облысының полицейлері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Полиция департаментінің алаңында гарнизондық тарату өтті. Ол “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасының үшінші кезеңі аясында болды.

Осы кезеңде өңірде 900-ден астам полиция қызметкерлері мен ұлттық ұлан әскери қызметшілері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Кіріспе сөзінде Департамент бастығы Ерлан Файзуллин 16 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енгенін атап өтті.

 

Әкімшілік Кодекстен «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” және “Ұрып-соғу” Қылмыстық кодексіне ауыстырылды. 4 күн ішінде осындай 24 факт тіркелді. 5 отбасылық жанжал шығарушы арнайы мекемелерге оқшауланды. Сотқа 1 қылмыстық іс жолданды.

“Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жыл басынан бері облыс жолдарында 21 адам қаза тауып, 196 адам түрлі жарақат алды. Апаттылық жағдайына әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын, оның ішінде мас күйінде автокөлікті және басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді басқару жөніндегі жұмысты күшейту қажет”, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Жаңалықтармен бөлісу