Оны орталықтағы бегомот мүсіні тұрған субұрқақтың орнына салды. Мүсін сақталған, қызғылт түсті күкірт жасап, көгілдір қолшатырмен жабылған. Ол балаларға арналған суретке түсу орнына айналып отыр.
Олар субұрқаққа шомылады, асыр салып ойнайды. Ересектерге отырып демалатын орындар да бар.
Міне, Шуақбай ақсақал немересін ертіп жаңа субұрқақты тамашалауға келіпті. Немересі мәз-майрам. Атасы оған қарап балаша шаттанады. Керемет орынның ашылғанына қуанышын бізден жасыра алмады:
— Қала орталығынан жаз уақытында ашылған тамаша субұрқақ деуге болады. Қазір күн ыстық. Әсіресе, ойын балаласына осындай ойнайтын жердің керегі анық. Он жастағы немеремді ертіп келдім. Оған қатты ұнады. Тіпті немеремнің кеткісі келмейді, — дейді қала тұрғыны Шуақбай Арыстанов.
Бұған дейін Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінде хабарлағандай, жаяу жүргіншілер субұрқағының құрылысына шамамен 50 млн теңгені қаражат жұмсалды. Сенбі күні оның сынамалы іске қосылуы болды.
Субұрқаққа түнде жарықтандыру қосылады.
Айбек Ғалымұлы
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы