Қостанай футбол мектебінің тәрбиеленушісі туған клубымен келісім-шартқа отырды деп хабарлайды «Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметінен.
Щербаковта демалыс орны ашылды
Munchen демалыс орнының аумағы аса үлкен емес. Демалуға қолайлы кешеннің ауасы жанға жайлы. Он бес адамдық қонақ үйі мен әртүрлі ассортименті бар рестораны осы өңірдің тағы бір брендіне айналғалы тұр.
Большой Чураков ауылына газ берілді
Алтынсарин ауданының орталығына іргелес осы бір елді мекен көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Негізі бұл бастама осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынып, кешеуілдеп қалған еді. Оған себеп өңірдегі табиғи шикізат қорының жеткіліксіздігі.
Денисов ауданында тасқын шайып кеткен лагерь қалпына келтіріліп, қайта ашылды
Денисов ауданында көктемгі су тасқыны шайып кеткен «Солнечный» лагері пайдалануға берілді.
«Өмірде көрген-түйгенің болашақ бизнесіңнің пазлы іспетті»
Қостанайда басталған инвестфорумға миллионер Тимур Құдайбергенов те келді. Ол жергілікті кәсіпкерлерге бизнес жолындағы тәжірибесін бөлісіп, кездескен кедергілерді қалай жеңгенін айтып берді.
«Қостанайда ұлттық тағамды бизнес көзіне айналдыруға бар жағдай жасалған»
Қазақ тағамдарын зерттеп жүрген гастро-эксперт «Sandyq» мейрамханасы мен «Tary» этно-кофейнясының негізін қалаған, «Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабының авторы Әйгерім Мұсағажинова бүгін Қостанайда өтіп жатқан инвестфорумға арнайы келді.
Қостанайда екі күнге жалғасатын инвестфорум басталды
Қостанайда «Қостанай Инвест 2024» форумы өтіп жатыр. Іс-шара екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні 3 панельдік сессия болады. Онда жұмыс істеп жатқан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас старт-апперлер және жалпы облыс тұрғындары үшін көпшілікке танымал және әлеуметтік желілерде мыңдаған аудиториясы бар табысты кәсіпкерлер мен бизнес-коучерлертегін шеберлік сағатын өткізеді.
Денсаулық пойызы Сарыкөлге жетті
17 шілдеден бастап Қостанай облысының тұрғындарын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы қабылдай бастады. Барлығы 10 станцияда аялдау жоспарланған. Аялдамалар тізімі облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсыныпты. Бұл жолы 23 шілде күні жәрдем пойызы Сарыкөл ауданына келіп аялдады. Сарыкөлдік ағайындардың қуанышында шек жоқ.
Ауыл мектептеріне бала керек
Арқалық қаласына қарасты бірқатар ауылдарда мектептегі бала санын толықтырмаса болмайды. Себебі, бала болмаса мектеп жабылады. Мектеп жабылса, ауылдың да тағдыры қыл үстінде тұр деген сөз.
Қостанайда тағы бір зауыт пайда болады
ҚР Үкіметінің хабарлауынша халықты 360 жұмыс орнымен қамтамасыз еткелі отырған зауыт шойын құю арқылы жүк автомобильдерінің компоненттерін шығаруға арналған.