Нұржан Мұхамедов – философия ғылымдарының докторы, физика бағыты бойынша қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы «Атом энергиясы институты» филиалының реакторлық қондырғыларды жобалау және сынау бөлімінің басшысы. Сондықтан елімізде АЭС салудың қаншалықты пайдалы екенін ғалым ретінде жақсы түсінеді. Ол газетіміздің тілшісімен жүздесіп, көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Қарсуда жаңа кабинет ашылды
Қарасу ауылындағы психологиялық-педагогикалық жаңа түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 70 балаға қолдау көрсетіледі.
Мемлекеттік кеңесші Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.
Көкпардан ел құрамасы жеңіске жетті
Көкпардан қазақ жігіттері қырғызстандық қарсыластарын тартысты өткен финалдық бәсекеде 5:4 есебімен жеңді.
Тобыл-Торғай тағы тамсандырды
Бүгін этноауылдағы дала сахнасында қостанайлық өнер шеберлерінің «Тамыры терең Торғай-Тобыл» атты гала-концерті өтті.
Жол кеңейіп, билет арзандай ма?
Қостанайдан Ақтөбе жаққа жиі қатынайтын жолаушыларға Қостанай-Қарабұтақ жолы ақылы деген хаттама келіп жатыр. ҚР көлік министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде бұл жолдың жөндеуі толық аяқталғанша тегін екенін айтты. Осы жерде ескере кететін жағдай, маршрут бағытындағы көліктер бұл төлемнен босатылады.
Елде неге вагон тапшы?
Қарапайым халық Қостанай-Алматы №43 пойызының кезінде Қостанайдағы учаскесі неге жабылғанын әлі күнге түсінбей келеді. Қазір Қостанай-Алматы пойызының үш-төрт вагоны ғана жаңа.
Тағы да жол мәселесі талқыға түсті
Қазір еліміздегі жол жағдайы жақсарып келеді. Жетісу, Алматы, Павлодар сияқты аймақтарда төрт жолақты магистральдар сайрап жатыр. Ал, Қостанай жаққа бет алған жолаушы қос жолақты жолдардың өзін сирек кездестіреді. Осы секілді көкейкесті мәселелерді облыс тұрғындары ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың алдына көлденең тартты.
Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында төрт күн бойы Астананың «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген көкпар ойындары бүгін мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қалтарыс жолдар қалыпқа келді
Арқалықта бұрын — соңды жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын қиындатып келген көпқабатты үйлердің арасындағы қалтарыс жолдарға асфальт салынып жатыр.