Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда.
Қарабалықта спорттық сауықтыру саябағы ашылды
Ол саябақта былтырдан бастап сенбілік, абаттандыру жұмыстары жүргізіле бастаған. Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында еңбек ұжымдары, жастар еңбек жасағы және шекара қызметі апта сайын ол жерді жандандырды.
Ауыл әкімінің айтары бар
Науырзым ауданына қарасты Қожа ауылы облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен. Қашан барсаңыз да қыз-қыз қайнаған тірлікке куә боласыз. Оның бәріне ұйытқы болып, шапқылайтын ауыл әкімі. Туған жері жанына ыстық. Ауылдың қазынасы орталмай, жайқала түскенін қалайды. Республикалық эстафетаны қожалықтар бір деммен жалғап кетті.
Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды?
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді.
Рудный қаласында даңқ алеясы ашылды
Кеншілер қаласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар аз емес. Олар бар күш-жігерін ғана емес, бар ғұмырын осы қаланың өркендеуіне арнады. Ондай азаматтарды қалай дәріптесе де жарасымды. Биыл Соколов-Сарыбай кен байыту бірлестігінің құрылғанына 70 жыл, сондай-ақ Рудный қаласының да туған күні. Осы мерекеге орай орталық саябақтағы Даңқ аллеясы жаңартылып, салтанатты тұсаукесері өтті.
Жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Облыста прокурорлық үйлестіру шараларының арқасында балалардың алимент алу құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 175 борышкер әкімшілік жауапкершілік арқалады. 38 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның төртеуі бас бостандығынан айырылған.
Интернет алаяқтардан сақ болыңыз!
Сізге танысыңыздан қарызға ақша сұрау туралы хабарлама келді ме? Асықпаңыз!! Бұл алаяқтар болуы мүмкін.
Полиция департаменті оқу жылы қарсаңында тұрғындарға ескерту жариялады
Ата-аналарға жолға жақын жерде балаларына ойнауға тыйым салынатынын бағыттауды тапсырды.
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады?
ІІМ деректері бойынша, 2022 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанда 58 миллионға жуық телефон қоңыраулары, оның ішінде жалған нөмірлерден қоңыраулар бұғатталды. Ал осы жылдың алты айында қаскүнемдер өздерінің алаяқтық схемаларының көмегімен «табуды» көздеген380 млн теңге ақшаны шығарумүмкіндігі бұғатталды.
Еліміздің барлық аймақтарында балаларға психологиялық қолдау көрсету орталықтары ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Басты міндет – балалардың, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру.