Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі Алтынсарин көшесінен Досжанов -Павлов көшелерінің шекараларында ертең жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады. Сол себепті осы аралықтағы жолдар жабылып, 7, 10, 103 маршруттарының қозғалыс бағыты өзгертілді.
Жаңа оқу жылында 1,7 млн оқушыға тегін тамақ беріледі
1 қыркүйекте Қазақстанның мектептеріне, колледждеріне және жоғары оқу орындарына 3,9 млн бала барады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады – мұндай мәліметті Үкімет отырысы барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
«Сезімнің» тәттілері
Науырзым ауданында биылғы жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты төрт адам алатын болды. Қазіргі уақытта екеуі мемлекеттік грантқа ие болып, өз істеріне бастама алды. Алғашқы болып Қожа ауылының тұрғыны Орынгүл Жұмағазина бастап, кондитерлік өнім шығаратын шағын цехты үйінен ашып, тұсауын да кесті.
Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді
2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Әдемі кештің куәгері болыңыздар!
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай ашық дәріс өтетінін хабарлаймыз.
Орталық саябақ жаңартылды
Тұрғындардың демалыс бос уақытын өткізуге арналған жайлы аумақтар Қостанай қаласының ажырамас бөлігі іспеттес. Қалада қоғамдық орындар мен саябақтар көркейтіліп жатыр. Орталық алаңда қала күніне орай оны көркейту жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
ҰБТ-да 137 балл жинады
Науырзым ауданы, Қарамеңді селосындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің биылғы түлегі Жансая Арыстанбекова Ұлттық Біріңғай Тестілеуде 137 балл иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Жансая тестілеуге дайындықты былтырғы тамыз айынан бастағанын айтып отыр.
Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды
Барлық өңірде шегірткеге қарсы өңдеу аяқталды – жұмыс қорытындысы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында шығарылды.
«Әлеуметтік әмиян»: тегін және жеңілдікпен тамақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейді?
Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар жарияланды
Бұл туралы облыстық білім басқармасының telegram каналында хабарланды.