Сүйінші! Араға көп уақыт салып, дала еркесі керқұлан тарихи отанына қайта оралды. Жануарлар ұзақ жолдан Арқалық әуежайына арнайы әскери ұшақпен жеткізілді.
Ұлытаудағы командалық айтыста қостанайлық өнерпаздар жеңіске жетті
Жезқазғанда өткен “Ұлт ұраны – Ұлытау” республикалық командалық айтысында Тобыл-Торғай құрамасы Ұлытау тобынан басым түсті.
Рудныйлық оқушы қыз Гарвардтың студенті атанады
Рудныйлық оқушы Аяжан Жәдігерова Гарвард университетіне білім грантын ұтып алды. Ол енді беделді оқу орнында медиа маркетинг мамандығын оқитын болады.
Сарыкөлдік оқушылар өртенген үйден қарияны аман алып шықты
14 мамырда Сарыкөл ауданының Ново-Урицкий мектебінің жетінші сынып оқушылары сабақтан кейін үйлеріне қайтып келе жатып, тұрғын үйдің шатырынан түтін шыққанын байқады. Балалар үйде бір қарт адам тұратынын біледі. Күндізгі сағат үште көшеде ересектердің ешқайсысы болған жоқ, барлығы жұмыста еді.
Амангелділік жігіттер құрдастарына көлік тарту етті
Аманкелді ауданының 1990 жылғы жігіттері үнемі атымтай жомарттығымен көзге түсіп жүреді. Қиналғанға демеу, сүрінгенге сүйеу бола білген ел азаматтары көпке үлгі. Таяуда көліксіз жүрген құрдасына темір тұлпар мінгізді.
Қостанайлық оқушы республикалық өнер байқауынан бас жүлдемен оралды
Түркістан қаласында өткен «Наурыз Fest» балалар мен жасөспірімдер байқауында қостанайлық оқушы Айша Балғынбек Гран При иеленді. Ол өнерпаздар сынында жетіген аспабымен күй тартып, төрешілерін тәнті еткен.
Торғайлық жас өнерпаздар республикалық өнер байқауында топ жарды
Елордада дарынды балалар мен жастарға арналған “ASTANA STARS” байқауы өтті. Бұл сынға Жанкелдин ауданынан қатысқан “Danas” шығармашылық орталығының өнерпаздары олжалы оралды.
КАНВОН-2024: жерлесіміз қола жүлдегер атанды
IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған жерлесіміз Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Жітіқаралық Гүлдем Ержанбаева республикалық “Ұлттық сезім” флешмобында күтпеген нәтиже көрсетті
“Қостанай минералдары” АҚ Заң департаментінің заңгері Гүлдем Ержанбаева осы байқауда екінші орынға ие болып, ұйымдастырушылардан шоппер, көрпе және термос түріндегі жүлдені жеңіп алды. Осылайша, тұрмысқа қажетті қарапайым да қолайлы бұйымдар Жітіқарадағы иесіне де жетті. Гүлдем өзінің бейнесін әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін жүлделі орынға әуелде сеніңкіремей, ұйымдастырушылардың жіберген хабарламасын ерекше жағымды эмоцияда таңданыспен қабылдағанын айтты.
Қамыстылықтар аққала санынан әлемді дүр сілкіндірді
Жаңа жыл қарсаңында Аққала жасаудан қамыстылықтар әлемдік рекорд орнатты. Орталық алаңға жергілікті тұрғындар қардан 2400 аққала тұрғызды.