Биыл облыста көктемгі егіс науқаны аясында 5,1 миллион гектар жерге жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.
Егіс науқанын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін артты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz жазды. Жиында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, шаруаларды қолдау шаралары, сондай-ақ қосымша пысықтауды қажет ететін өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.
Қостанайлық диқандар Аграрлық кодексті әзірлеу мүмкіндігін талқылады
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде агроөнеркәсіп кешенін реттейтін басты құжат – Аграрлық кодексті әзірлеу мәселесі қаралды.
Киік таптаған жайылымға субсидия төлеу мүмкін емес — АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер Kazinform сауалына жолдаған жауапта киік таптаған жайылымның шығынын субсидиямен толтыру мүмкін емес екенін айтты.
Облыс әкімдігінде есепке қойылмаған үй жануарларына қатысты мәселелер талқыланды
Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою және шығару міндетінен жалтаратын тұрғындар көп. Бұл бақылаусыз, екпе алынбаған малдың көбеюіне себепші. Ал оның зардабы ауыр болуы ықтимал. Осы мәселені шешу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Облыс әкімдігінде өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиында осы түйткіл талқыланды.