Рудный қаласындағы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы театрландырылған қойылымнан басталды.
Наурыз тойы: ұлттық ойындардан жарыс өтіп жатыр
Наурыз мерекесіне орай Қостанайда асық атудан жарыс өтіп жатыр. Оған бастама болған — қалалық спорт бөлімінің мамандары.
Арқалық «Қаз поштасы» Наурыз мерекесін қарсы алды
Күн мен түнді теңелткен, тіршілік атаулының жанданар шағы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын арқалықтықтар әр мекеме, әр ұжым болып арқа-жарқа қарсы алуда.
Шағын аудандағы үлкен думан
Қостанай қаласындағы шағын аудан тұрғындары Наурыз мейрамын жақсы көңіл күймен тойлауда. Наурызнама онкүндігі аясында облыс орталығында әр күнге арналған іс-шаралар легі жалғасып жатыр.
Қостанайда өнер фестивалі басталды
V халықаралық хореографиялық өнер фестиваль Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатыр.
«Қостанай таңы» ұйымдастырған бейнебайқаудың үздіктері марапатталды
«Қостанай таңы» газетінің ұжымы тағы бір тамаша жобаны қорытындылады. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Армысың, әз-Наурыз!» ұжымдық бейнебайқау жарияланған болатын. Бүгін жүлдегерлері анықталып, редакцияда марапаттау рәсімі өтті.
Бейнебайқауда – Ы.Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейі
“Армысың, әз-Наурыз!” бейнебайқауына Ы.Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінің ұжымы қатысып отыр. Олар барша жерлесін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды. Бейнебаянның түсірілу, жасалу сапасын, сөз мазмұнын салмақтап көрейік. https://www.youtube.com/watch?v=NIn0GDiAAQU
Бейнебайқау: №15 балабақша
“Армысың, әз-Наурыз!” бейнебайқауының келесі қатысушылары – Рудный қаласындағы №15 балабақша тәлімденушілері. Атап айтқанда, мектепалды даярлық “Гүлдер” тобының бүлдіршіндері ұлт мейрамына сай қазақы үлгіде киініп, өнерлерін ортаға салған. Видеоға баға беріп, пікір қалдыра отырыңыз! https://www.youtube.com/watch?v=ABd2P2y_dz0
Балабақшадағы мейрам
«Армысың, әз-Наурыз!» бейнебайқауының келесі қатысушылары – Рудный қаласындағы №15 балабақша тәлімденушілері. Атап айтқанда, мектепалды даярлық «Гүлдер» тобының бүлдіршіндері ұлт мейрамына сай қазақы үлгіде киініп, өнерлерін ортаға салған. Видеоға баға беріп, пікір қалдыра отырыңыз! https://www.youtube.com/watch?v=eGoxtK60I1U
Салт-дәстүр салтанат құрды
Қостанай ауданы білім бөлімінің «Жамбыл жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепке дейінгі «Балапан», даярлық сыныптарында топ аралық «Армысың, әз Наурыз» іс-шарасы аталып өтті. Бұл дәстүрлі іс-шараға тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер ою-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар т.б. өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. […]