Мына суретте биыл салынған Қостанайдағы «Балалар әлемі» аялдамасы бейнеленген. Жолаушыларға арналған аядай орынның бүгінде үйсіз-күйсіз бейбақтардың тұрағына айналғаны қынжылтады. Ішін жылытып тұратын батареясын да келген-кеткендер жұлып тастаған.
«Биыл ашылғанда қуанып едік. Аз уақыттың ішінде быт-шыты шықты. Орындықтары да лас. Тұрғындар үшін жасалған дүние ғой, соған өзіміз дұрыс қарай білсек…», — дейді бізге осы сурттерді жіберген оқырманымыз.

Оқырманның бұлай айтуы орынды. Өзімізді өзіміз құрметтемесек, жұрт бізді қайтедінің кері емес пе!?
