Федоров ауданының орталығында №791 сайлау учаскесінде елуінші сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Тұңғыш өтіп жатқан науқаннан тұрғындар жақсы өзгерістер күтетінін жасырмайды, іс басында білетін азамат отырса дейді.
–Бұл менің азаматтық ұстанымым. Қолынан іс келетін азаматты таңдаған өзімізге де тиімді. Мемлекет басшысы халықтың мәселесін тыңдау керектігін ерекше тоқталып жүр. Бұл сайлаудың ерекшелігі де сол аудан әкімін халықтың таңдауына үлкен мүмкіндік. Ауданымыз гүлденіп, көркейе берсін, – дейді аудан тұрғыны Владимир Ермоленко.
№791 усакелік сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Краснорыловтың айтуынша, әзірге ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Өздігінен жүре алмайтын үш адамнан шақыру түсіпті. Таңғы 9.00-ден кейін белсенділік танытушылар қатары артқан.
Айта кету керек, Федоров ауданында сайлауға 3 үміткер түсіп отыр. Мұндаа 37 сайлау учаскесі тіркелген.
Сағат 11.00 ге дейінгі жағдай бойынша сайлаушылардың 6%-ы дауыс берген. Солардың бірі Ольга Ткаченко алғаш рет дауыс беріп тұр.
“Бүгін бірінші рет сайлауға қатысып тұрмын. Ауданның болашағы үшін әр тұрғынның дауысы маңызды”, – дейді ол.
18 жастағы аудан тұрғынына сыйлық берілді.
Тұрғындарға мектеп сыртында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
Федоров ауданы