Бүгінгі жастар – Мағжан Жұмабаев арманы

Бүгінгі жастар – Мағжан Жұмабаев арманы

Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев өз туындыларында жастарға артқан үміті жайлы жазады. Ұлы қайраткеріміздің “Мен жастарға сенемін!” сөзі әлі күнге дейін өз маңызы мен құндылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті қазіргі жастарды Мағжан Жұмабаев арманындағы тұлғалар деп атау өте маңызды.

Ата-бабаларымыздың ұрпақтарының осы буыны ерекше білімге құмар,өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін,жан-жақты десек қателеспеспіз.

Бүгінгі таңда жас буын тек өз елінде емес,халықаралық деңгейде де өте жақсы танылып,дамып жатыр.Әртүрлі спорт,ғылыми жобалар,өнер салаларында алдынғы қатарларда қазақ жастары аз емес.

Елімізде шыққан “aleem” тіл үйрену бағдарламасы әлемдік деңгейде бірінші орында тұрған “duolingo” бағдарламасын басып озған.Оны шығарған өзіміздің жерлесіміз,қазақ жасы Асылжан Алтай.

Бибісара Асаубаева-2021 жылы блиц-шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды.Одан бөлек әлем бойынша осы шахмат түрінен үш дүркін чемпион.

Күні кеше Михайл Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында алтын медаль иегері,Олимпиада чемпионы атанды.

Технологиялық сауаттылық,білім,спорт,өнерді осы үш жастың бойынан табуға болады. Бұдан бөлек айта берсек,қазақ жастарының арманшылдығын,мақсаттарын биік қоя алатындығын,ең бастысы сауаттылығын байқай аламыз.

Алайда,бүгінгі жастар жайлы қозғалатын қиындықтар да аз емес.Әлеуметтік желілерге тәуелділік,уақытты тиімсіз пайдалану сынды мәселелер жастарға кедергі келтіреді.Оған қарамастан,”Жақсы сөз-жарым ырыс” демекші,бұл сөз керісінше жүретінін де ұмытпау керек.Бүгін аузымыздан қандай сөз шықса,ертең соған айналмақпыз.

Әр қазақ жасының бойында қайрат та,жігерлік те,батырлық та бар.Тек оны ояту керек.Ұлдарымызға батырым десе,батырлыққа,қыздарымызға сұлуым десе,сұлулыққа айналады,бүін болмаса,ертең.Сондықтан,бүгінгі жастар-Мағжан Жұмабаев армандаған ұрпақтың жалғасы деуге толық негіз бар.Ең бастысы-осы бағыттан таймай,өз мақсаттары мен ұстанымдарына адал болып,ел болашағы үшін еңбек етуі,сонда ғана Мағжанның сенімі толық ақталады.

Кәусар Оразғали,

№198 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы