25 мая, 2025
Бүгін алғашқы облыстық қысқы спартакиада басталады

Бүгін алғашқы облыстық қысқы спартакиада басталады

Спартакиада барысында спортшылар  шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей және шорт-трек сияқты спорт түрлерінен бақтарын сынайды.

Оған облыстың 4 қаласы мен 16 ауданының құрама командаларынан 850-ден астам спортшы  қатысады.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 19.00-де Гашек көшесі, 1а/1 бойындағы №3 БЖСМ шаңғы базасында өтеді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл жарысты 27 ақпаннан 02 наурызға  дейін өткізуді жоспарлап отыр.