Қаржы пирамидаларын жарнамалаушылар жауапқа тартылады

Қаржы пирамидаларын жарнамалаушылар жауапқа тартылады

Бүгінгі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, атап айтқанда, қаржы пирамидаларына қарсы күрес туралы мәселе өзекті болып тұр. Соңғы уақытта біз қаржы пирамидаларына қарсы күрестің күшеюін көріп отырмыз. Департаменттің осы саладағы қызметі туралы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі, Экономикалық тергеу қызметінің аға лейтенанты Тимур Хайдарұлы Ахметов айтып берді.

– Алдымен қаржылық пирамидасының не екенін және оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіре кетсеңіз.

– Біз Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлінісіміз және біздің жұмысымыз қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы тұруға бағытталған. Біздің өкілеттіктеріміздің шегінде  экономикалық және қаржылық қылмыстардың, соның ішінде қаржы пирамидаларының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеумен айналысамыз.

Қаржы пирамидасының не екеніне тоқталсақ, бұл алғашқы қатысушыларға кейінгілердің жарналары арқылы ақша төленетін алаяқтық схема. Сыртқы жағынан, ол инвестициялық компания немесе тез табыс әкелетін жоба сияқты көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде нақты қаржылық қызметі жоқ. Жаңа қатысушылардың ағыны тоқтаған кезде, схема бұзылып, адамдардың көпшілігі ақшаларын жоғалтады.

– Осы қаржылық пирамидалармен күресу үшін қандай шаралар қолданып жатысыздар?

– Қаржылық пирамидаларымен күресу үшін біз “Кибернадзор”, “Aimap” және “LBase”сияқты арнайы ақпараттық жүйелерді белсенді қолданамыз. Бұл жүйелер интернет кеңістігін бақылауға, қаржылық схемаларды жарнамалайтын сайттарды бұғаттауға, алаяқтық құрылымдарды жою үшін дәлелдер жинауға көмектеседі. Қазіргі уақытта біз қаржы пирамидаларын жарнамалайтын ресурстарды 3000-нан астам сілтемелерді бұғаттадық.

– Сіздерде қаржы пирамидаларына қарсы күресті  басқа мемлекеттік органдармен өзара бірлесіп шешу жағы  қалай жүзеге асырылып жатыр?

– Қаржы пирамидаларымен кешенді күресу үшін басқа мемлекеттік органдармен, соның ішінде құқық қорғау органдарымен және сот құрылымдарымен бірлесіп белсенді жұмыс істейміз. Бұл процестегі негізгі серіктестердің бірі – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Біздің департаменттің бастамасымен қаржы пирамидалары деп танылған екі компания — “Befree” және “Platincoin”ARRFR тізіліміне енгізілді. Азаматтар мұндай алаяқтық схемалардың тұзағына түспеу үшін күдікті компаниялар туралы ақпаратты тексере алады. ARRFR-мен өзара бірлесіп жұмыс істеу бізге алаяқтық компанияларды тезірек бұғаттауға және олардың бастапқы кезеңдердегі қызметіне жол бермеуге жағдай жасап отыр.

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске қаржы пирамидаларын жарнамалау туралы бап қосылды. Бұл шараның алаяқтармен күресуде қандай көмегі бар?

– ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабының енгізілуі біздің жұмысымызды айтарлықтай күшейтті. Енді қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін айыппұлдар қарастырылған. Бұл алаяқтық схемалардың таралуын болдырмаудың қосымша құралы болды. Өткен жылы біздің бастамамыз бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) сомасына айыппұл тағайындаумен “River Coins Ltd” және “Бифри” сияқты қаржы пирамидаларын жарнамалаған Жетісу облысы мен Қостанай облысының тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Соңғы уақытта қандай қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істер аяқталды?

– 2024 жылы біз “Qnet” қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтадық. Сот үкімі бойынша пирамиданы ұйымдастырушы тұлға кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл Департамент қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша “Life Is Good” және “Asar Baspana”сияқты екі қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта осы екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

– Қаржы пирамидаларына қарсы күресте қандай нәтижелерге қол жеткізілді және азаматтарға ескерту жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Біз жұмысымызда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта қаржылық пирамида белгілері бар сайттардың 3500-ден астам сілтемелері бұғатталды. 8 әлеуметтік медиа аккаунты мен 7300-ден астам адам қатысқан Telegram чаты жойылды. Біз азаматтарды тәуекелдер туралы белсенді түрде хабардар етеміз және алдын алу шараларын жүргіземіз. Дәрістер мен әлеуметтік медиа науқандарын қоса алғанда, халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңес беріп келеміз. Жастармен жұмыс істеу өте маңызды. Біз мектептер мен университеттерде жастарды қаржылық пирамидаларды тануға және олардың құрбаны болмауға үйрету үшін әлеуметтік медиа ақпараттық науқандарға араластырып жатырмыз.  Интернет кеңістігін бақылауды, алаяқтық сайттар мен шоттарды бұғаттауды және қаржылық пирамидаларды ұйымдастырумен немесе таратумен айналысатын тұлғаларды жауапқа тартуды жалғастыратын боламыз. Біздің міндетіміз — азаматтарды қорғау және осындай схемалардың одан әрі таралуына жол бермеу. Біз жыл сайын құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесудің арқасында жағдайдың жақсаратынына сенімдіміз.

– Сұхбатыңыз  үшін рахмет!

Әзірлеген – Айбек ЖҮЗБАЙ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу