24 мая, 2025
Бөгеттің жарылғаны туралы хабар жалған болып шықты

Бөгеттің жарылғаны туралы хабар жалған болып шықты

Бұған дейін ватсап желісінде Қостанай ауданы Заречный ауылында бөгет жарылып, тұрғын үйлерді су басты деген хабар тараған еді. Тиісті органдар осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.

«Облыстық жедел штабтың деректері бойынша, бөгеттің жарылуы туралы ақпарат жалған. Азаматтарды сабырлы болуға, дүрбелеңге салынбауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.