“Бизнеске жол”: қостанайлық кәсіпкерлердің мәселелері қаралып жатыр

“Бизнеске жол”: қостанайлық кәсіпкерлердің мәселелері қаралып жатыр

Жыл басынан бері “Бизнеске жол” жобасы аясында 45 бизнес өкілінің өтінімі қаралған. Оның ішінде 36 кәсіпкердің түйткілді мәселесі оң шешімін тапты.

Бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев “Фейсбук” желісіндегі парақшасында жазды.

Бұл жұмыс Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жүргізіліп жатыр. Жоба аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының жеке қабылдауларына да ерекше мән беріледі, деп атап өтті Данияр Күзенбаев..

Мысалы, жеке қабылдаулардың арқасында балық шаруашылығы үшін жер учаскесін жалға алу құқығын алу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жер жұмыстарын жүргізгені үшін өтемақы төлеу, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының кәсіпкерлеріне қызмет шарттарын ұзарту, егіс кешенін сатып алуға инвестициялық қарыз алу, газбен жабдықтау және т.б. мәселелер шешілді.

Қабылдау апта сайын өтеді. Кезекті рет Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергеновтің қабылдауына Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында үш кәсіпкер жүгінді. Көтерілген мәселелер қаралу үстінде.

фото: baq.kz

Жаңалықтармен бөлісу