Андрей Канчельскис: “Біз командаға көмектесуге келдік”

Андрей Канчельскис: “Біз командаға көмектесуге келдік”

“Тобыл” футбол клубының төңірегіндегі дүйім оқиға жанкүйерлердің назарын бірден өзіне аударды. Кезінде Англия біріншілігінде доп тепкен жұлдыз Андрей Канчельскистің клуб тізгінін ұстауы расында да күтпеген жаңалық болды. “Тау алыстаған сайын жақындай түседі” дейді халқымыз. Бұл да сол қарпайымдылығын тілшілер қауымына көрсетіп үлгерді. Құп, жақсылықтың нышаны болғай!Баспасөз мәслихатында да түйгені мол екенін бірден аңғартты. Жан-жағынан мән-жайды пайымдап алуды жөн көрді. Журналистердің қойған сауалдарына орнымен жауап беруге көшті:

“Осыдан он жеті жыл бұрын Қостанайға келдім, – деп бастады әңгімесін. – ол кезде мұнда бәрі басқаша болатын. Команда үздіктердің қатарына таласып жатыр екен. Өңірдің сол кездегі басшылары әлі клубты күшейткісі келетінін айтып, маған бас бапкерлікті қызметті ұсынды. Шынымды айтайын, келісімге келе алмадық… Ол заман өтті. Қазір жағдай басқа. Бүгін, міне, клубтың жетекшісі ретінде алдарыңызда отырған жайым бар”, – деп өткенді еске ала кетті.
“Біз жоқтан бар жасауға емес, барды түлетіп командаға көмектесуге келдік. Әлі бапкерлік кеңеспен, спорттық құраммен ақылдасып шешетін шаруа көп. Қазіргі ойын жүйесіне мейлінше өзгеріс әкеле алатын ойыншылардың төрт-бес нұсқасы бар. Ол шешімді қабылдау бапкерге байланысты. Себебі нәтиже сол кісіден талап етілетіндіктен ол тараптың да қалауынан шығуға мүдделіміз. Осы шаруаларды реттеп алсақ, трансферлік терезе жабылғанша діттеген мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймын”, – дейді ол.

Әріптесінің сөзін клубтың спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиев те растап өтті:


“Жаңадан келетін ойыншылардың шетелден екенін ғана нақтылай аламын. Алда бір орталық, бір жартылай қорғаушы алу жоспарымызда тұр. Бес үміткерді дайындап отырмыз Таңдау тек бапкерге түседі”.


“Есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық. Қоғаммен әрдайым байланыстамыз. Жанкүйер пікірі біз үшін маңызды. Сол арқылы кемшіліктерімізді көріп, келешекте жарқын жолымызды пайымдаймыз. Облыс әкімімен де үнемі хабарласып отырамыз. Ол тараптан көмек-қолдау үзілмейді деп білеміз. Осы тұста айтпағым, клубқа келген жаңа демеушілер жөнінде болып отыр. Өз қаржысын беріп келіп отырған, бұл сіздердегі бірінші жағдай болғандықтан, Москва бірден орнай қалмағанын ескеру де қажет. Бұның бәрі біртіндеп болатын дүние деп ойлаймын. Соңғы жылдары еңбек еткен Өзбекстан чемпионатымен сіздерді салыстырар болсам, мұндағы ойын деңгейі ол жақтағыдан көш ілгері. Ал инфрақұрылым жағына көрші елде көп жағдай жасалған. Оны мойындау керек. Алда оның бәрі біртіндеп жүзеге асатынын тағы айтқым келеді. Бізге берілген тапсырма бұрынғыдан өзгерген жоқ. Ұсыныстар болса орындауға тырысамыз. Бастысы, әрқашан жеңіске жетіп, жанкүйерлер көзайымына айнала білу”, – деп түйді Андрей Канчельскис.

Жаңалықтармен бөлісу