Өрт сөндірушілерге тыныс алу аппараттарының алғашқы легі сатып алынады. 40 тыныс алу аппаратын алуға Республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Облыстық ТЖ департаменті хабарлағандай, жабдықтар келіп түскеннен кейін таратылатын болады. Сондай-ақ, биыл облыстық бюджет есебінен тағы 32 аппарат сатып алу жоспарлануда. Материалдық-техникалық базаны жаңарту жол картасы аясында жүзеге асырылуда”, – делінген хабарламада.
Норма бойынша тыныс алу аппараттары 634, ал іс жүзінде тек 409 болуы тиіс. Соңғы екі жылда облысқа 78 тыныс алу аппараты сатып алынған.