Polisia.kz мәліметі көрсеткендей, оның 190 -ы ұрлық бойынша тіркелген. 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленген. Біздің өңірде осындай жолмен биылдыққа 34 қылмыс әшкереленіп отыр.
“Есірткі контрабандасының фактілерін болдырмау мақсатында меморандум шеңберінде тұрақты негізде “Қазпошта” филиалдарында пошта жөнелтімдері тексеріледі. Бұған қоса, кинолог мамандармен әуежай мен вокзалдарға, пойыздарға тексерістер жүргізіледі”, – дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық қызмет бөлімінің бастығы Алмас Күнтуов.