Бишімбаев ісі: жаңа деректер пайда болды

Бишімбаев ісі: жаңа деректер пайда болды

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында азаматтық некеде болған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Судья Айжан Құлбаева сотталушының телефонын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды Orda.kz.

Бишімбаевтың телефон галереясын зерттеу барысында 12 бейнежазба табылды. Судьяның айтуынша, кадрларда Салтанат бір қара шапан киіп, еденде жорғалап, диванның жанынан бірдеңе іздейді.

Бейнеде біз Бишімбаевқа тиесілі дауысты да ажыратамыз. Ол Нүкенованы қорлайды және балағат сөздерді қолдана отырып, оған неше түрлі сұрақ қояды.

Сотталушының өзі кадрларды жалған деп санайды. Ол соттың алдында саспастан: “Оның телефоны бұзылған болуы мүмкін” деген болжам жасады.

“…Бұл мүмкін емес… Бұл қандай да бір монтаж… Біреу менің дауысымды қойған”, – деп ақталды экс-шенеунік.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахованың айтуынша, Бишімбаевтың телефонына бейнені жүктеуге ешкім қол жеткізе алмайды.

“Телефон сот ғимаратында болды, оған дейін тергеушілерде болды. Бұл заттай дәлел. Адвокат сот залында бір рет пароль енгізуге тырысты. Сол кезде ол жұмыс істемеген. Кейін телефонды қайтарды”, – дейді қорғаушы.

Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді бейнені көргенде көз жасына ерік бере алмаған. Алқабилер де кадрларға қарап жағасын ұстады.

Жаңалықтармен бөлісу