Бірнеше рет алаяқтық жасаған Лисаков тұрғыны жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бірнеше рет алаяқтық жасаған Лисаков тұрғыны жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жоқ моншаларды сатып келген оны Полиция департаментінің киберполы ұстады, барлық мүлкі де тәркіленеді.

Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы  ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров айтып берді.

24 жастағы Лисаков тұрғыны өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде таныстырып, ОЛХ және Уатсап арқылы хабарландырулар қойған.

Ол адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған. Сонымен қатар, моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісім-шарттар жасады.

Осындай қылмыстық жолмен ол 15 миллион пайда тапқан.

Одан зардап шегушілер негізінен жеке үйлердің иелері, облыс аудандарының тұрғындары болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыс орталығында кезекті заңсыз тапсырысқа барар жолда ұсталды.

Қазіргі уақытта 27 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, оның ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін полицейлер тұрғындарды алдын ала ақша төлемеуге, дүкендердің шынайылығын тексеруге және электрондық әмиян арқылы алдын ала төлем жасауға келіспеуге шақырады.

Гүлмира Ғабжалел

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу